«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірдің экологиялық проблемаларын Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі жанындағы Туризм және экология комитетінің мүшелері қарады

2023 жылғы 20 Ақпан
- Ақмола облысы
11057 просмотров

Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі жанындағы Туризм және экология комитетінің кезекті отырысы өтті. Өңірдің экологиялық проблемаларын, олардың бизнестің дамуына әсер ететін салдарын, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау мәселелерін талқылауға осы саладағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлер, туристік нарық субъектілері, салалық қауымдастықтар және басқа да мүдделі ведомстволар шақырылды.

Негізгі проблемалардың бірі - қалдықтарды басқарудың әлсіз дамыған инфрақұрылымы, ҚТҚ полигондарының нормаларға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген полигондардың едәуір саны, кәріз-тазарту станцияларының тозуы немесе олардың болмауы.

Бүгінде Ақмола облысының аумағында 400-ден астам ҚТҚ полигоны бар, 27 полигон ресми түрде ресімделген, қалғандары стихиялық полигондар болып табылады. Айта кетейік, Щучинск қаласында сот шешімі бойынша ҚТҚ жалғыз қолданыстағы полигоны жабылып, 145 млн теңгеден астам көлемде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл ретте Бурабай кентінің аумағындағы полигон да жабық, өйткені ол «Бурабай» МҰТП ерекше қорғалатын аумағына жатады. Бүгінгі таңда бұл барлық турбизнес субъектілері үшін үлкен проблема болып табылады, өйткені туристер ағыны әр маусымда артып келеді, сәйкесінше қалдықтардың көлемі де артып келеді. Бұл бүкіл аймақ үшін үлкен экологиялық проблема.
Комитет мүшесі, «Kazakhstan Innovations» қоғамдық қорының төрағасы Мәриям Әбішеваның пікірінше, жалпы сала, атап айтқанда, Ақмола облысындағы ҚТҚ полигондары қолдауға аса мұқтаж.


«Полигондарға әкелінетін ҚТҚ көлемі ірі қалалармен салыстырғанда аз, тарифі де төмен. Полигон иелерінің қалдықтарды қайта өңдеу технологиялары мен жабдықтарын енгізу үшін қаражаты мен ресурстары жеткіліксіз. Мұны субсидиялау немесе гранттық қолдау арқылы шешуге болады. Сонымен қатар, Экологиялық кодекске сәйкес, эмиссиялық төлемдер табиғатты қорғау іс-шараларына жүз пайыз мөлшерде жұмсалуы тиіс, іс жүзінде әзірге полигондардың қажеттіліктеріне шамамен 30% ғана жіберіледі. Мысалы, Атырау облысында полигондар қажетті жабдықты эмиссиялық төлемдер есебінен сатып алады», - дейді Мариям Әбішева.
 

 

Бұл мәселені Туризм және экология комитетінің мүшелері бақылауға алды. Өңірлік палата сарапшылары облыстық экология департаментіне ҚТҚ қайта өңдеу жөніндегі жабдықты одан әрі сатып алу үшін қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін ақы төлеу бойынша қажетті қаражат бөлу жөнінде облыс мәслихатына ұсыныстар жіберуді ұсынды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер