«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК ӘРІПТЕСТІК (МЖӘ)

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік – мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы ынтымақтастықтың формасы. Жалпы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мемлекеттік органдар мен түрлі саладағы кәсіпкерліктің өзара тиімді ынтымақтастығы болып саналады. Тиісті келісімшарт арқылы мемлекеттік жауапкершілігі тәуекелді, табыс пен шығынды, құқық пен міндетті бөлудің теңдестірілген жағдайында болады.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің мақсаты –қоғамдық игілік пен қызметтердің сапасы мен қолжеткізілу деңгейін арттыру үшін ресурстарды біріктіру арқылы мемлекет пен жеке меншік сектор арасында ұзақ мерзімдегі ынтымақтастықты қалыптастыру және нығайту.

Міндеттері:

  • Жеке меншік секторды мемлекеттің активтеріне қатыстыру

  • Бюджетке түсетін ауыртпалықты азайту

  • Инвестиция тарту

  • Мемлекет пен бизнестің өзара байланыс үлгісін кеңейту.

МЖӘ туралы заң

МЖӘ туралы Заңның тұсаукесері

Бүгінгі күні Ақмола облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 74 жоба іске асырылуда (53 – білім беру саласында, 9 – денсаулық сақтау, 6 –тұрғын үй құрылысы, 5 –көлік, 1-Табиғатты қорғау). 55 жоба туралы анықтама.

Білім беру саласындағы жобалар:

-35 білім беру нысанын (8 балабақша және 27 мектеп асханасы) сенімгерлік басқаруға беру және 5 балабақшаны ұйымдастыру, ашу және жаңғырту.

Денсаулық сақтау саласындағы жобалар:

- Бурабай ауданының денсаулық сақтау объектісін сенімгерлік басқаруға беру;

- Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "№1 қалалық емхана" ШЖҚ МКК сенімгерлік басқаруға беру, оңалту орталығын салу және пайдалану";

- Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Степногорск қалалық емханасы" ШЖҚ МКК сенімгерлік басқаруға беру;

- ШЖҚ "Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы" МКК компьютерлік томографты жеткізу және сервистік қызмет көрсету»;

- "Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК желілік бригадаларға жедел жәрдемнің жылжымалы медициналық кешендерін жеткізу»;

- Атбасар қаласында гемодиализ орталығын ашу.

Табиғатты қорғау саласындағы жобалар:

- Ақмола облысы Атбасар ауданы Сепе ауылындағы бөгетті күрделі жөндеу, сенімгерлік басқаруға беру және пайдалану.

Энергетика және ТКШ саласындағы жобалар:

- Красный Яр ауылындағы 32 пәтерлі үш тұрғын үйді қалпына келтіру;

- Ақмола облысының Көкшетау қаласы мен Щучинск қаласында көше жарығын жаңғырту және пайдалану.

Көлік және инфрақұрылым саласындағы жобалар:

- Көкшетау қ. автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізу, жол ақысын төлеу және қоғамдық көлікті жаңарту;

- "Көкшетау автобус паркі" ЖШС автопаркін жаңарту;

- "Сейнур "фирмасы"ЖШС автопаркін жаңарту.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер