«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы

Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы 

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы - "Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2013 жылғы 18 қазанда құрылған "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының аумақтық бөлімшесі, сондай-ақ бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында кәсіпкерлік субъектілерін біріктіретін коммерциялық емес, өзін-өзі басқаратын ұйым.

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары:

1. Оқыту, кеңес беру, кәсіпкерлерді бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, бизнесті жүргізу, заңнамалық талаптар мен жаңалықтар және т. б. туралы хабардар ету.

2. Кәсіпкерлерді Құқықтық қорғау, әкімшілік кедергілерді анықтау, аудандар, өңірлер, республика бойынша бизнестің жүйелі проблемаларын шешу.

3. Отандық өндірістерді дамытуға және тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту үлесін арттыруға жәрдемдесу, бизнес-жобаларды және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу.

4. Ақмола облысының кәсіпорындарында талап етілетін мамандарды кәсіби даярлауға жәрдемдесу.

5. Өңірдің агроөнеркәсіптік секторын дамытуға және ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес проблемаларын шешуге жәрдемдесу.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша кәсіпкерлерден "Атамекен" ҰКП call-орталығына 1432 нөмірі бойынша хабарласуды сұраймыз.

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі парақшалары:

Facebook www.facebook.com/groups/KokshetauBiz/ ("Көкшетау мен Ақмола облысындағы Бизнес")

Instagram business_kokshe

Telegram канал Businessakmola

Youtube канал PALATA PredprinimateleiAO

Парақшаларға жазылып, бизнес саласындағы жаңалықтан хабардар болыңыз!

Еншілес ұйымдар

Серіктестер