«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында 35 нысан «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істеп жатыр

2021 жылғы 30 Сәуір
- Ақмола облысы
32867 просмотров

Ақмола облысында 35 нысан ресми түрде «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істей бастады. Олардың тізімі Ақмолы облысы әкімдігінің сайтында жарияланған. Қазіргі кезде QR-код алуға 61 өтініш келіп түскен.

Еске салсақ, «Ashyq» жобасын енгізудің басты мақсаты – қоғамдық жерлерге індетті жұқтырған немесе науқас адаммен байланыста болған келушілерді барынша шектеу. Қосымшаға қосылған бизнес нысандар өңірдің эпидахуалға байланысты «қызыл» немеес «сары» аймақта болуына қарамастан жұмыс істей алады. Өңірде қосымшамен жұмыс істеуге ресми рұқсат алғандардың арасында фитнес орталықтары (4), сауналар (3), тамақтану орындары (17), бір йога студиясы бар. Бильярд (2) және компьютерлік (4) клубтар өз жұмысын қайта бастады. Коммерциялық емес нысандар да ашылды, атап айтсақ, Көкшетау қаласында – 2 театр, «Көкшетау» демалыс базасы және Ү.Ыбырай атындағы облыстық филармония ашылды.

 «Қазіргі уақытта жоба Көкшетау және Степногорск қалаларында іске қосылды. Аудандарда өзгерістер мен толықтырулар енгізу облыстың бас санитар дәрігерінің жеке қаулысы негізінде мүмкін болады. Бір қызығы, қазірдің өзінде мемлекеттік органдар өтінішке ерікті қатысушы ретінде қосылуға өтінім беріп жатыр. Атап айтқанда, Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті осы мәселе бойынша ресми сұратым жолдады, қазір келісіліп жатыр», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов.

 Қазіргі таңда «Ashyq» жобасына қосылудың екінші кезеңі іске асырылуда, қосымшаға келесі қызмет түрлері қосылып жатыр: фитнес-клубтар, спа-орталықтар, сауналар мен бассейндер, компьютерлік және боулингтік клубтар, кинотеатрлар (театрлар, филармониялар, концерт залдары), тамақтану нысандары (банкет залдары, асханалар, фаст-фуд, көше тағамдарынан басқа) кафе, мейрамханалар, кофеханалар, бильярд клубтары, сондай-ақ өңіраралық және қалалық тұрақты емес жолаушы тасымалы.

3-ші кезеңде жобаға караоке мен банкет залдарын қосу жоспарланған (бір залда 50 адамға дейін).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер