«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көшетауда жедел фитнес студиясы ашылды

2018 жылғы 24 Тамыз
- Ақмола облысы
6506 просмотров

Қала тұрғыны Аймира Сәрсенова «Бизнес-Кеңесші» курсынан соң жаңа кәсіпті қолға алды. Алған білім мен жеке қаражат кәсіпкерлер қатарына қадам басуға сеп болды

Аймира Сәрсенова дәл осы күнге дейін бизнеспен айналыспаған. Ол Астана қаласындағы құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Декреттік демалысқа шыққаннан кейін қол қусырып отыруды жөн санамады.

«Астанада инновациялық фитнес студиясында жұмыс істеген едім. Көкшетауға келген соң өз студиямды ашқым келді. «Бизнес-Кеңесші» курсынан өткенде кәсіп бастаудың жөн-жосығынан хабар алдым. Жеке қаржымды салып бизнес бастадым», – дейді Аймира Сәрсенова.

Жедел фитнестің ерекшелігі – электрлі ынталандыруды қолдануда. Яғни қарапайым жаттығуларды жасағанда бұлшық етке электрлі импульстар қосымша күш береді, ол арнайы тренажерлардан алынады.

«Бұл студия уақыты аз адамдарға арналған. Бүгінде салауатты өмір салтын ұстанады, бірақ фитнес орталықтарына баруға уақыт тапшы. Ал 20 минуттық жаттығу соншалықты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді», – дейді кәсіп иесі.

Оның серіктестері Астанада, олар Германиядан тағылымнамадан өтіп, Аймирамен бөлісіп келеді. Аймира болашақта бизнесін ұлғайтуды қалайды. Бүгінде жоспары дайын, несиеге өтінім беріп те қойған.

«Аймира Сәрсенованың жобасын «Бизнес-Кеңесші» курсының нәтижесі деп атауға болады. Кәсіпкер бизнесті ұлғайтуды қалайды, ал Палата қаржылай емес қолдау негізінде жан-жақты көмек көрсетуге дайын», - дейді бөлім басшысы Жанна Байқоңырова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер