«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда кәсіби-техникалық білім беруді дамыту талқыланды

2018 жылғы 19 Маусым
- Ақмола облысы
4576 просмотров

Көкшетауда Турин процесі аясында кәсіби-техникалық білім беруді дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті. Шараға білім беру саласының, колледжер, атқарушы билік, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Қазақстан 2010 жылдан бері Турин процесіне қатысушы. Бұл – нақты мәліметтерге негізделген кәіби-техникалық білім беру саясатының талдауы. Семинар фокус-топтардың жұмысына ұқсас болды. «Кәсіпқор» холдингінің сарапшылары сұрақ-жауап негізінде өткізді.

«Бұған дейін зерттеу жалпы республикалық деңгейде жүргізілген. Былтырдан бері пилоттық жобаға 4 өңір енді. Биыл қалған облыстар қамтылады. Бізге Білім және ғылым министрлігі маңызды үш мәселені қойды – арнайы пәнді ағылшын тілінде өткізу, IT-біліктілік және кәсіпкерлік машық. Осы факус-топтарда аталған үш тақырыпты талқылаймыз. Топ қатысушыларына сауал қойып, алынған жауап негізінде қорытынды шығарып, сараптама жүргіземіз», – дейді «Кәсіпқор» холдингінің стратегиялық даму және мониторинг басқармасының бас менеджері Азель Шайхина.

Семинар жұмысында әрбір топ белгілі бір тақырыпқа сай жұмыс істейді. Мысалы «Еңбек нарығындағы сұраныс және кәсіби-техникалық білім беру жүйесі» мәселесін Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысқан топ талқылады

«Мемлекеттік білім беру тапсырысын дайындағанда кәсіпорынның нақты сұранысын ескеру керек. Себебі біздің өңірде мемлекеттік тапсырыс еңбек нарығының талабына сай келе бермейді. Кәсіби-техникалық білім беруде оқу процесіне жұмыс берушілерді барынша қатыстыру керек: жұмыс жоспарын дайындағанда, біліктілік емтиханын жүргізгенде, дуальді білім беру жүйесін жүзеге асыруда атсалысуы керек. Сонымен қатар студенттердің кәсіпкерлік машықтарын дамыту үшін әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық керек. «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін бизнес өкілдеріне тапсыру қажет», – деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Айжан Тәжмиева.

Жұмыс қорытындысы бойынша холдинг 12 өңірлік есеп дайындайды. Бұл есепте өңірлердің күшті де әлсіз тұстары айқын көрініс табады. Мұнымен қоса, Білім және ғылым министрлігіне берілетін ұсыныстар да дайындалмақ.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер