«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске айналған хобби

2018 жылғы 25 Маусым
- Ақмола облысы
7168 просмотров

 Ақкөл қаласының тұрғыны Алтын Абдрахманова фермерлікті қолға алып, бүгінде Астана қаласы базарларына өз өнімін ұсынып отыр.  

Алайда бұл деңгейге жету үшін үлкен еңбек керек болды. Алтынның жоғары білім бойынша екі дипломы бар. Бірі аграномдық мамандық болса, екіншісі – экономика саласы. Бірінші мамандығы бойынша Алтын Абдрахманова ұзақ жұмыс істемеген. Алайда жер шаруашылығы кәсіпкердің көңілінен шықты.

 «Бұрынырақ егістіктерді аралап тексеруші едік. Көктемгі-күзгі науқанда жұмыс қыза түсетін. Бір сөзбен айтқанда ауыл шаруашылығы қыр-сырына ден қойдық. Кейін қалаға көшсек те ауладағы бақшаға көкөніс пен жидек ағаштарын отырғызып баптадым. Уақыт өте келе фермерлік шаруашылықты қолға алуды ұйығардым, тек батылдық жетпей жүрді», – деді Алтын Абрахманова.

Бизнестегі алғашқы қадамдарды кәсіпкер 2006 жылы жасаған. Алайда хобби бизнеске кейін айналды. Алтын Абрахманова құлпынай өсіруге шындап кіріседі. Бастапқыда өз отбасы үшін, кейін сатылымға өнім өсірілді. Сұраныс ұсынысты тудырды. Құлпынай ауыл тұрғындары арасында жақсы сұраныста болды. Өнімді тура бақшадан сатып алып жатты. Ал әлеуметтік желідегі парақша сұранысты арттыра түсті.

Іскер әйел кәсіптегі алғашқы біліктілігін Өңірлік кәсіпкерлер палатасына барып «Бизнес-Кеңесші» курсын оқумен бастады. Кейін 2017 жылы Алтын Абрахманова «Іскерлік байланыс» курсына қатысады. Осы жерде ол «джек потқа» ие болады. Комиссия кәсіпкердің жобасын екінші кезеңге қабылдап, Алтын Абдрахманова Германияға тағылымдамаға аттанады.

 Кәсіпкер Ақкөл ауданы Еңбек ауылында жер учаскесін жалға алады. Бұл елді-мекен Астана маңына жақын. Осылайша дайын өнімді Астанаға жеткізу қиын болмады. Айта кетелік Алтын Абрахманова ұсынған өнім өзгелердің тауарынан ерекше. Басты ерекшелік – балғындығында. Бүгінді өнімді жинауға отбасы мүшелері көмектесіп отыр. Алтынның жары – инженер-механик, үдерістің техникалық жағына жауап береді. Үлкен қызы – экономист, есеп-қисапты реттейді. Кіші қызы желілердегі маркетингті мойнына алған. Кенже ұлдың да өз міндеттері бар.

 Осы жылы іскер әйел тағы да ӨКП Ақкөл ауданы филиалына жүгінді. Сарапшылар оған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз қаражат алуға өтініш беруге кеңес берді. Осылайша Алтын Абрахманова 1,5 млн теңге көлемінде гранттық қаражатқа қол жеткізді. Осы қаражат арқылы бизнесті кеңейту жұмыстары жүргізіледі.

«Менің түсінгенім, кәсіп бастауда кеш деген ұғым жоқ, көру керек, істеу керек, тәуекелге бару керек. Жан қалауындағы жұмыс табыс әкелгені қандай керемет. Кәсіп бастаған әр адамға сәттілік пен табыс тілеймін», – деді Алтын Абдрахманова.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер