«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әзірбайжан Қазақстаннан ауылшаруашылық өнімдерін жеткізбек

2016 жылғы 07 Қараша
- Ақмола облысы
10733 просмотров

Әзірбайжан Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдерін өздеріне импорттауға қызығушылық танытты

Өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестиция тарту мәселелері мен өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау мәселелерін – Әзірбайжан және Ақмола облысының іскерлік ортасы Өңірлік палатада өткен кездесуде талқылады. 

Әзірбайжан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісінің кеңесшісі Агаджавид Рамазанов, іссапардың басты мақсаты – өңір әлеуетінің тиімді экспорттық мүмкіндіктеріне кеңірек тоқталып, өзара бірлесіп жұмыс жасау туралы келісімге қол жеткізу,  (жобаларды жүзеге асыру, кәсіпорындар құру және т.б.), өзара тиімді саудаға қажет жағдайлар жасау екендігін айтты.

Елдегі іскерлік әрі инвестициялық ерекшеліктер туралы сөз қозғаған, Әзірбайжанның Бизнес-инвестиция қауымдастығының  вице-президенті, ҚР-дағы Әзірбайжан кәсіпкерлері одағының төрағасы Гюндуз Маммадли, соңғы бес жылда ел экономикасына 200 млрд доллардан артық инвестиция тартылғандығын жеткізді. Сонымен қатар ол артық шығарылған  өнімді сату мақсатында мемлекет серіктестік қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеді. 

Айта кетерлігі, екі елдің географиялық орналасуы, шикізат қоры, ауыл шаруашылығы және туризмге қажет қолайлы климат, екі ел тұрмысының ұқсастығы, туысқандық қарым-қатынас (қазіргі таңда Қазақстанда жүз мыңға жуық әзірбайжандық тұрады), тілдік кедергілердің болмауы – мұның барлығы қос тараптың ынтымақтастығын нығайтып, көптеген мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Дәлірек айтсақ, тараптар Қазақстаннан жөнелтілетін ауылшаруашылық өнімдерін экспорттау мәселесін талқыға салды. Жол бойындағы сервис қожайыны, әзірбайжандық диаспора өкілі Зухраб Велиев астық өнімдерін жеткізу бойынша тарифтік мөлшерлемелер, транзит жүгімен қамтамасыз ету талаптары туралы сөз қозғады. Ал құрылыс бизнесімен шұғылданатын жеке кәсіпкер Ферая Загреева құрылыс материалдарын жеткізу жағдайлары туралы сауал қойды.

Сондай-ақ басқосуда туристік саланы дамыту аясындағы ынтымақтастық мәселелері де қаралды.  Біздің елдегі сияқты Әзірбайжанда да туризм саласы басым бағыттағы сала болып саналады. Осылайша, әзірбайжандықтар туристердің санын арттырғысы келіп отыр.

Кездесу барысында, сонымен бірге, дайын өнім, шикізатты сату, жеміс-көкөніс өнімдерін біздің базарларға жеткізу мүмкіндіктері және тағы басқа мәселелер назардан тыс қалмады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер