«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мәселе оң шешіліп, жүк жөнелтілді

2016 жылғы 02 Қараша
- Ақмола облысы
6514 просмотров

Өңірлік палатаның ұйымдастыруымен Атбасарда жергілікті жүк тасымалдаушы кәсіпорындар мен Ақмола облыстық теміржол бөлімшесі өкілдері кездесіп, өзара қарым-қатынас мәселесін талқылады

«Карат Экспорт» ЖШС жабық вагондарға тапсырыс беріп, оларға уақтылы қолы жетпеген соң, палатаға шағым түсірді. Кәсіпорын директоры Валерий Вингардтың айтуынша, қыркүйек айында тапсырысты қабылдап алған Атбасар теміржол станциясы 50 вагонның орнына 36 вагон жіберген. Тасымалдаушы Ауғанстанға жеткізіп берем деген бидайды уақтылы жеткізе алмай әбігерге түскен. Оның үстіне ведомство қолданбаған әр вагон үшін 3500 теңге айыппұл төлеттірген. 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының «Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі» филиалы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшыларының шағымына былай деп жауап қатты: «Қазтеміртранс» АҚ вагондар жіберуді өз филиалы саналатын «KTZ Operator» АҚ-ға жүктеген. Ал, ол мекеменің сол сәтте Атбасарда бос вагондары болмаған.

«ҚР «Теміржол көлігі» туралы заңына сәйкес, вагондардың дер кезінде келмеуінен жүк тасымалдаушының жоспарланған тасымалы орындалмай қалса, оған вагонды жалға берушілер кінәлі болып саналады. Биылғы жылдың қыркүйек айында Жүк тасымалы ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, соған сай тасымалдаушы (Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі) жоспарды бұзған жүк жіберушілерге негізгі және қосымша жоспар бойынша 3181,5 теңге сомасында айыппұл салды, оны жүк жіберушілер вагонның иесіне, яғни  «KTZ Operator» АҚ-ға жіберуі тиіс», – дейді ӨКП Әкімшілік кедергілерді азайту мен құқық қорғау бөлімінің сарапшысы Олжас Сүлейменов. 

Даудың соңында тараптар өзара тіл табысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы болып саналатын «Ақмола жол бөлімшесінің» директоры Ермек Төлегеновтің айтуынша, вагондардың уақыт кестесін ведомство қадағалайды. «Алдын ала жиналыс өткізіп, бұл мәселені жан-жақты талқыладық. Оған «Астық-Транс» АҚ жүк тасымалдаушы тарапын да шақырдық. Барлық мәселені оң шештік», – деді ол. Кәсіпкерлерге жүкті айдың соңғы күндерінде емес, жоспарға сай жіберіп отыру керектігі ескертілді.

«Қазіргі таңда тапсырыс берушіге вагон жөнелту бойынша еш кедергі жоқ. «Карат Экспорт» ЖШС өзінің шетелдік серіктесінің алдында барлық міндетін атқарды. Жүк партиялары жөнелтілді», – деп хабарлады Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Атбасар аудандық филиалының директоры Ерлан Қаппасов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер