«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Француздың багеті, армянның гатасы...

2016 жылғы 28 Қазан
- Ақмола облысы
7019 просмотров

Целиноград ауданы Тайтөбе елдімекенінде жақында алғашқы наубайхана ашылды

Оны 2 млн 600 мың теңгеге тең мемлекеттік грантқа ие болған жергілікті кәсіпкер ашты.

Осы жылдың маусым айында Көкшетау қаласындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына Тайтөбе қаласының тұрғыны Мейрамгүл Байтасова наубайхана ашуға арналған бизнес-жоспар құруға көмек сұрай келген еді.

«Жобаның бизнес-жоспары қызығушылығымызды тудырып, оны екі күннің ішінде әзірледік. Біріншіден, ол сол елді мекендегі нан пісірумен айналысатын жалғыз цех болмақ. Одан бөлек, нан өнімдерін шығару сатып алушыларға жаңа піскен нан алып қана қоймай, оны тиімді бағаға сатып алуға мүмкіндік береді», – дейді Көкшетау қаласындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесші-маркетологы Рашид Нұрмағанбетов.

Нәтижесінде, бизнесвумен 3 миллион теңгедей болатын қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды. Бұл қаражатқа ол наубайхананы іске қосуға қажет құрал-жабдықтар сатып алды. Өндіріс орнын бұрынырақ кәсіпкер өз қаражатына сатып алған еді.

«Нан, бәліштерді бізге аудан орталығынан алып келеді. Алайда жеті мың тұрғынның барлығына бірдей жаңа піскен нан жете бермейді. Жоба үшін жанымды салдым, Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кәсіби тұрғыдан қолдағанына өте қуаныштымын, жобам мақұлданды», – дейді риза болған Мейрамгүл Байтасова.

Кәсіпкер бөлке нандармен қатар, француздың багетін, тіпті армяндардың гатасын, тандыр нан пісіріп, сатуды жоспарлап отыр. Барлық өнімдер кәсіпкердің жеке дүкені мен бөлшектеп сату нүктелері арқылы сатылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер