«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сиыр малын бордақылау сыры

2016 жылғы 26 Қыркүйек
- Ақмола облысы
17931 просмотров

Облыста мал шаруашылығын дамыту жөніндегі семинарлар жалғасуда

Семинарларды «Атамекен» ҚР ҰКП Агробіліктілік орталығы жүргізуде. Сондай шаралардың бірі Зеренді ауданында өтті. Тақырыбы – «Ірі қара малды бағу мен азықтандыру».

Мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге арналған семинар барысында жас төлдерді азықтандырудан бастап, жем-шөпті дұрыс таңдауға дейінгі малдарды азықтандыруға қатысты жайттар жан-жақты ашылды. Семинарға қатысушылардың тәжірибелі жандар екендігі сөзсіз. Алайда, қойылған сұрақтарға қарағанда, олар өздері үшін мол мағлұмат алды деген ой қорытуға болады. Мәселен, фермерлердің бірі сиырлардың тәуліктік рационын есептеп беруді сұрады. Агробіліктілік орталығының өкілдері бұл мәселе бойынша өздеріндегі құзырлы мамандарға хабарласуға болатындығын айтып, байланыс нөмірлерін қалдырды. Бағдарламаны әзірлеушілердің пікірінше, табысқа қол жеткізу үшін ықшамдап азықтандыруға басымдық берген жөн. Осылайша, малдардың тәуліктік салмағы артады. Дәруменді қоспалар мен дәрі-дәрмектер де сөз болды. Орталық дәріскерлері мал өсірушілерді осы салада жаңадан пайда болып, жақсы нәтижелер берген жаңалықтармен таныстырды.

Алған ілімді бекіте түсу мақсатында дәріс Зеренді ауданындағы ірі шаруашылықтардың бірі – «Пухальское» ЖШС-да жалғасты. Бұл жерде екі жарым мың басқа шақталған мал бордақылайтын алаңқай бар. Шаруашылық герефор және ангус тұқымдарын өсірумен айналысады, алайда нашар тұқымды сиырлар да бордақыланады. Малдарды азықтандырудың заманауи әдістерінің арқасында тұқымы нашар сиырлардың өзі 600 келіге дейін салмақ қосады. Шаруашылық меңгерушісі Валерий Водовозовтың айтуынша, олар азықтандыруда ерекше тәсілді қолданады екен. Астық уатылып, сақталады. Бұл технология сүр шөп дайындаудың технологиясына ұқсайды. Міне, дәл осы әдіс бұзауларға қысқа уақыт ішінде барынша көп салмақ қосуға мүмкіндік береді. Семинарға қатысушылар сол әдісті өз көздерімен көріп қайтты.

Соған ұқсас семинар Ақкөл ауданында «SC FOOD» ЖШС базасында өтті. Бұл агроқұрылым 2011 жылы ангус тұқымды 400 бас бұзау сатып алған. Биыл серіктестік толық өндірістік қуатқа шығуды жоспарлауда. Зеренді ауданындағыдай дәріске қатысушылар азықтандыру әдісімен тәжірибе барысында танысуға мүмкіндік алды. Агробіліктілік орталығының сарапшысы Михаил Морозов сиырларды қоректендіру ерекшелігімен ғана шектеліп қалмай, ветеринария және тұқымды өзгерту мәселелеріне де тоқталып өтті. Айтпақшы, бұл шаруашылықта малдар бір жасқа келгенде 400 келіге дейін салмақ қосады.

Алынған білімге қосымша ретінде барлық тыңдаушыларға курсты тәмамдағандары туралы сертификат табыс етілді. Жалпы алғанда, Ақмола облысында осындай 17 семинар өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер