«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Кең Дала» және жаңа салық режимдері: Жетісай кәсіпкерлеріне маңызды жаңалықтар айтылды

2025 жылғы 14 Қараша
- Түркістан облысы
140 просмотров

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы Жетісай аудандық филиалының директоры Нариман Абдрахмановтың төрағалығымен кеңейтілген жиын өтті. 

Кездесуге Жетісай ауданының Кәсіпкерлік бөлімі басшысы Д. Толыбаев, АҚ «Аграрлық Несие Корпорациясы» Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары А. Мүйтенбаев, «Евразийский Банк», «Алатау Сити Банк», «Банк ЦентрКредит», МҚҰ «Арнұр Кредит» өкілдері, Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшылары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, ірі кәсіпкерлер мен Жетісай және Мақтаарал аудандарының кеңес мүшелері қатысты.

Жиында аудан кәсіпкерлеріне «Аграрлық Несие Корпорациясы» ұсынатын «Кең Дала» несие беру бағдарламасы, екінші деңгейлі банктердің бизнеске арналған қаржыландыру өнімдері, мемлекеттік қолдау тетіктері және енгізіліп жатқан жаңа салық режимдері түсіндірілді.

Бұдан бөлек, биыл алғаш рет аталып өткен Кәсіпкерлер мейрамына орай Түркістан облысынан бірқатар кәсіпкерлерге Палата тарапынан алғыс хаттар табысталды.

Жиын кәсіпкерлер үшін маңызды ақпарат алаңы болып, мемлекеттік қолдаулар мен қаржы институттарының мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174