«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тағы да жердің жыры...

2016 жылғы 20 Қыркүйек
- Ақмола облысы
6478 просмотров

Аумақтық жоспарлау үлгісіне өзгерістер енгізу мəселесінің созылуы инвестициялық жоба мүмкіндіктерін екі  жылға шегерді

Өңірлік палатаға екі жылдан астам түйткілді мәселені шеше алмай келген Бурабай ауданы кәсіпкерінен Алғыс хат келіп түсті.

2013 жылы Ольга Шмидт Щучинск қаласында ойын-сауық орталығын ашу мақсатында жер телімін сатып алады. Осылайша, кәсіпкер бірден тиісті органдарға оның нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш жазады. Онда «автотұрақ және автотұрақ ретінде қызмет көрсетуден» «ойын-сауық орталығын салу және орналастыруға» өзгерту туралы ұсыныс жазылған-ды. 

Алайда, аудан әкімдігі жер учаскесінің нысаналы мақсаты Щучинск қаласы құрылысының  бас жоспарына сәйкес келмейді деген желеумен, кәсіпкердің өтінішін мақұлдамаған. Себебі, құжатта жер теліміне болашақта Қан құю орталығын салу жоспарланған екен. 

Мәселе барлық мүдделі органдар мен бейінді ведомстволардың қатысуымен 2014 жылдың қараша айында өткен Кәсіпкерлер құқығын қорғау Кеңесінің арнайы отырысында да талқыланыпты. Алайда проблеманы одан әрі талқылауға шенеуніктер келісім бермепті. Түрлі ведомстволарға жіберілген өтініштерден де нәтиже шықпаған.

Десе де, бір ескеретін жайт, ҚР қала құрылысы жобасына бекіту және келісім алу, жасау реті нұсқамасына сәйкес, бекітілген қала құрылысы жобасына (бас жоспар түрлері, бөлшекті жоспарлау жобасы, құрылыс жобасы және т.б. тең келуі тиіс) өзгертулер енгізу қарастырылған екен. 

Мәселе осылайша шешілмей қала берген. Өз меншігінде жер телімі бола тұра, салық төлеу арқылы өз міндетін атқара  отырып, кәсіпкер өз мүлігін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында пайдалану мүмкіндігінен айырылған. Мәселенің мән-жайын білген инвесторлар, дайын жобаға қаражат құюдан да бас тартыпты.

Тек биыл жазда мәселеге ӨКП филиалының кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшылары араласып, аудан әкімі Төлеген Ташмағамбетовке өтініш жолдағаннан кейін, мәселе оң шешім таба бастаған. Нәтижесінде, Щучинск қаласы әкімдігінің шешімімен 29 шілдеде бас жоспарға тиісті өзгертулер енгізілді.

Бүгінгі күні кәсіпкер идентификациялық құжаттарды реттеп, әлеуетті инвесторларды іздеу үстінде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер