«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсібің - нәсібің

2016 жылғы 17 Мамыр
- Ақмола облысы
10082 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен Көкшетау қаласының №1 құрылыс-техникалық колледжінде Кәсіби бағдарлау орталығы ашылды

Орталықты құрудағы басты мақсат: өз мүмкіндіктеріне, қабілетіне және нарық талабына сай өзін кәсіби тұрғыдан анықтауына, білім алушылардың оқу бағытын және болашақ кәсіби қызметін таңдауына қолдау көрсету.

«Орталықтың басты міндеті – жастарды әлеуметтік кәсібилікке бейімдеу. Кәсіп мазмұнын талдай білуге, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін бағалауға және осының негізінде өмірлік және кәсіби таңдау жасай білу – жалпы білім беретін мектеп түлегінің негізгі міндеті. Қазіргі жағдайда, білім алушылар шешім қабылдау механизмдерін, оның мүмкіндіктерін игеру үшін алдын ала және мақсатты түрде жұмыс жасаулары қажет», – дейді Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айжан Тажмиева.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, кәсіби бағдарлау орталығының жұмысы аясында білім алушыларды техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарымен ғана емес, ЖОО қызметімен таныстырмақ. Сонымен қатар, Ақмола облысының кәсіпорындарына саяхат жасау, дөңгелек үстелдер өткізу, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен, ӨКП Іскер әйелдер кеңесі мүшелерімен, еңбек ардагерлерімен, колледж түлектерімен, түрлі байқау жеңімпаздарымен, жұмысшы кәсібінің беделін арттырушылармен кездесу ұйымдастыру жоспарланған.

Дәрістер және семинарларды оқу орындарының оқытушылары мен ҰКП сарапшылары өткізеді.

Кәсіби бағдарлау орталығына ТжКБ-ның үш оқу орны еніп отыр: құрылыс-техникалық колледжі, сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы №1 сервис-техникалық колледжі және Красный Яр ауылындағы №3 ауылшаруашылық колледжі.

Тұтастай алғанда, 2014-2016 жылдары облыстың оқу орындарында Палатаның көмегімен 25 кәсіби бағдарлау кабинеті, 85 бұрыш ашылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер