«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мектеп киімін жергілікті тігіншілер тігеді

2016 жылғы 06 Мамыр
- Ақмола облысы
9378 просмотров

Көкшетау қаласындағы тігінмен айналысатын кәсіпорындар мектеп формасын шығаруды қолға алмақ

Қаңтар айында Қазақстанда орта білім беретін ұйымдарға арналған міндетті мектеп формасы туралы талаптар мақұлданған еді. Құжатқа ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу туралы ұсынысы енгізілген.

Көкшетау қаласындағы №1 мектепте өткен кездесу барысында тігінмен айналысатын бірден алты кәсіпорын мектеп формасын тігуге дайын екендіктерін мәлімдеді. Өңірлік палатаның бастамасымен ұйымдастырылған кездесуге жалпы білім беру ұйымдарының өкілдері мен ата-аналар қатысты.

«Білім басқармасы ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2016-2017 оқу жылында аудан бойынша мектеп формасына деген қажеттілік 86 231 топтама болса, облыс орталығында 13 мыңдай», – дейді ӨКП директорының орынбасары Айжан Тәжмиева.

Айта кетерлігі, бүгінгі күнде өзекті болып тұрған мәселе тек пікір-таласпен шектелген жоқ. Кәсіпкерлер өз көзқарастары бойынша мектеп формасының үлгілерін дайындап келсе, оларды жас модельдер таныстырды.

«Диас» тігін фабрикасы» ЖШС директоры Хасен Қажыбаевтың айтуынша, бұл бастаманы өндірушілер бірден қолдаған, алайда олардың өздері орташа статистикалық тұтынушының материалдық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, әлеуметке бағытталуы қажет. «Қазіргі нарықтық жағдайларда бір жиынтықтың бағасы шамамен 10000 теңгедей болуы тиіс», – дейді ол.

Мектеп оқушыларына арналған киім формасының бірыңғай болуын «Жумагулов М.С.» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Аида Мұхамеджарова айтып өтті: «Түсі мен үлгісі бір-бірінен қатты ерекшеленбеуі керек. Бұл кез келген дайындаушыға ыңғайлы болады».

Палата сарапшыларының мектеп формасымен қамтамасыз етуге дайын тігін кәсіпорындарының базасын құруда ауқымды жұмыс атқарғандығын атап өту қажет. Бүгінде облыста 26 өндіруші оқушыларға арналған формалық киім тігуге жұмылдырылған.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер