«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры ауысты

2014 жылғы 30 Шілде
- Ақмола облысы
10245 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасын 42 жастағы Уәлихан Ғабдуллин басқаратын болды.

Уәлихан Ғабдуллин «Фемида» Қарағанды заң академиясын (2001), Көкшетау экономика және менеджмент институтын экономика мамандығы бойынша (2006), Көкшетау экономика және менеджмент институтын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (2009) аяқтаған.

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының жаңадан тағайындалған директоры құқық қорғау және қаржы құрылымдарындағы үлкен тәжірибеге ие. «Сауыт» ЖШС (Көкшетау қ.) бас директоры, «Нұр банк» АҚ филиалы директорының орынбасары, кейін - Көкшетау қаласындағы «Нұр банк» АҚ филиалының директоры, Көкшетау қаласындағы «БТА банк» АҚ филиалының директоры болып қызмет жасаған.

2013 – 2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі істерін Басқарушы- Аппарат Басшысының орынбасары лауазымында қызмет еткен.

Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы директоры Заурбек Аяған жеке бизнеске кетті.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, «Фемида» Қарағанды заң институтын аяқтаған. 2012 жылы А.Мырзахметов атындағы Университетте «экономика» мамандығы бойынша магистратурада оқыған, 2013 жылдан бері – «Сколково» Мәскеу басқару мектебінің тыңдаушысы (MBA).

З.Аяған жеке меншік коммерциялық құрылымдарды басқарған.

2012 жылдан осы уақытқа дейін – «Ауыл шаруашылық өндірушілері, жер қойнауларын пайдаланушылар және мемлекеттік мекемелер» Тауар биржасы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Есіл» ӘКК ҰК» АҚ тәуелсіз директоры.

2012 жылы «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП директоры, 2013 жылы Ақмола облысы КП директоры болып тағайындалады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер