«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында туристік саланы және елорда айналасында азық-түлік белдеуін дамыту керек

2014 жылғы 14 Маусым
- Ақмола облысы
8840 просмотров

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың  Ақмола облысына жұмыс сапары еліміздегі үздік ауылшаруашылық  құрамасы «Родина» агрофирмасы алаңында облыстық Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері мен Өңірлік кеңес мүшелерімен кездесуден басталды.  Кездесу алаңының таңдалып алуынуының да өз реті бар, өйткені елорда айналасында азық-түлік белдеуін дамыту келешектегі басты бағыттардың бірі болып табылады. Ал «Родина» агрофирмасы  көптеген жылдар қатарынан  үлгілі болып танылып отырған, жоғары өндірстік еңбекті қалыптастырған, экономикасы дамыған және  әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес.    

«Түскен табысының жартысын Иван Адамович Сауэр («Родина» ЖШС бас директоры) агрофирманы әлеуметтік   дамытуға бағытауда: балабақша, мектеп салу, азық-түлік бағаларының төмен болуын қамтамасыз ету және т.б.   Еліктеуге тұралық тамаша үлгі, - деп атап өтті Тимур Құлыбаев. -  Өңірде   оннан астам  осындай үлгі боларлық орындарды табамыз деп ойлаймын. Біреуі балалар үйін салса, екіншісі әлеуметтік қорғалмаған азаматтарға қолұшын беруде, ал бірі спортты дамытуға жәрдемдесуде.   Салық төлеумен қатар, жұмыс орындарын ашып, жұмыс орнында азаматтарымыздың еркін сезнуін, еңбек ету мен өмір сүру  жайлылығын қамтамасыз етіп  отырған кәсіпкерлеріміз де баршылық. Мұндай бизнесмендерді халық құрметтейді».

Төралқа басшысы қоғамда  біртіндеп кәсіпкерлерге деген көзқарас  қайта қалыптасуы керектігін атап өтті.

Бурабай курорттық аймағында туризмді дамыту Ақмола облысында бизнес ахуалды жақсатудағы басты бағыттардың бірі болып қала бермек. Аймақтың мүмкіндігін  дұрыс әрі жөнді қолдана отырып,  оны жыл бойы  пайдалануға болады және пайдаланылуы да  керек.

«Бурабайда сауықтыру процедураларын жыл бойы қабылдауға болатын демалыс аймақтары бар. Бұл аймақтарға отбасымен келушілер баршылық.  Аймақтарға жетер жол жақсы, сондай-ақ поезбен немесе электричкамен жетуге болады. Бизнес тарапынан ұсыныстар жасаңыздар. Алайда ұсыныстарыңыз экологияның сақалуын есепке ала отырып, орынды, жөнді болуы шарт.  Бурабайда ретсіз құрылыс жүргізу  оның демалыс орны ретінде сақталуына зиянын тигізеді, ретсіз құрылыс оны кезекті   шағын ауданға айналдырады.  Инфрақұрылымды дамытуды ойластыра отырып, дұрыс әрі зерделі шешім қабылдау керек », - деп Тимур Құлыбаев кәсіпкерлерге ұсыныс білдірді.

ҰКП Төралқа төрағасы бизнестің өркендеуіне қажетті туристік және басқа да салаларды дамыту жайында айта келе, бизнестің жаңа бастамаларын дамыту мен индустриалдық-инновациялық  жобаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсету шараларына тоқтала өтті. Осы жылы  ұлттық қордан  аталған бағытта 500 млрд теңге бөлінген.  Сондай-ақ нақты перспективалы жобаларға несиелер екінші деңгейлі банктермен қатар қаржылық даму институттарынан берілетін болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер