«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысының Бұланды ауданында ет кластерін дамыту қолға алынбақ

2025 жылғы 24 Шілде
- Ақмола облысы
699 просмотров

Бұланды ауданында ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту мен нығайту және Қазақстандағы қалалар мен ауылдық жерлер арасындағы әріптестік арқылы жергілікті қоғамдастықтардың тұрақтылығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін талқылау бойынша жиын өтті.

Бұланды ауданының Тұрақты даму қорының басшысы Данияр Нұрпейісов ет кластерін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жобасын таныстырды. Сонымен қатар бұл жобаға Бұланды ғана емес, жақын маңдағы аудандар да қатыса алады.
«Bulandy» аграрлық-индустриялық аймағының тұжырымдамасына сәйкес жобада өз репродукторы, құрама жем зауыты, қайта өңдеу кәсіпорнында сою пунктінің болуы және, ең бастысы, ауыл шаруашылығы колледжінің қатысуы көзделген. Жобаның негізгі артықшылықтары: өткізу нарықтарына жақын орналасу, жер ресурстарының болуы, дәстүрлі мал шаруашылығы. Жобаның зәкірлік кәсіпорны - «Макинск құс фабрикасы» ЖШС.
Сондай-ақ, қонақтар және болашақ серіктестер ретінде 1992 жылдан бастап Еуропа, Азия, Америка және Африка елдеріндегі менеджмент қызметтері нарығындағы негізгі ойыншылардың бірі - «IGK Group» халықаралық компаниясы шақырылды. Қазақстанда IGK кеңсесі 2013 жылы ашылды. Ұсынылатын қызметтер сауда несиелерін сақтандырудан бастап несиелік менеджмент бойынша халықаралық семинарларға дейін кең ауқымды.

«Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы серіктес ретінде осы жобаға сүйемелдеу және тікелей қатысумен көмек көрсетуге дайын. Ең бастысы, жергілікті атқарушы органдар да өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында осы жобаны іске асыруға мүдделі», - деп атап өтті Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер