«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дубайдағы қазақстандық бизнес-миссия: кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер

2025 жылғы 23 Мамыр
679 просмотров

Алматы қаласының «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған Дубайдағы бизнес-миссияға 20-дан астам қазақстандық компания қатысты.

Іс-шара аясында агроөнеркәсіп, құрылыс, ақпараттық технологиялар, білім беру, спорт және инвестициялар сынды экономиканың маңызды салалары қамтылды.

Қазақстандық делегация құрамына Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов, Өңірлік кеңес төрағасы, «Omir Group» компаниясының президенті Нұрсұлтан Шоқанов, «Kusto Home» компаниясының бас директоры Мұрат Өтемісов, «Qala AI Ltd» бас директоры Мәди Сәкен, «Power Solutions Company» бас директоры Артур Садреев, Colliers Kazakhstan серіктесі Әсел Мұсабекова және өзге де қазақстандық бизнестің танымал өкілдері енді.

Іскерлік бағдарламаның негізгі алаңы Dubai Chambers кеңсесі болды. Мұнда ресми таныстырылымдар мен B2B форматындағы келіссөздер өтті. Шараны Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов пен Dubai Chambers президенті Мұхаммед Али Рашид Лута ашты. Қазақстандық компаниялар өз жобаларын таныстырып, дубайлық әріптестерімен ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Шара аясында делегация Dubai Silicon Oasis инновациялық технопаркін, аймақтағы ең ірі логистикалық операторлардың бірі –  Global Shipping and Logistics компаниясын, Uppercase Legal заң компаниясын, сондай-ақ Дубайдың Экономика және туризм департаментін аралады. Кездесу барысында инвестициялық әлеует, экспорттық мүмкіндіктер мен ұзақ мерзімді әріптестіктің ықтимал бағыттары талқыланды.

Іссапар соңында БАӘ, ТМД және Еуропа елдерінен келген кәсіпкерлер мен инвесторлар қатысқан нетворкинг-шара өтті.

Іс-шара нәтижесінде тұрақты іскерлік байланыстар орнатылып, бірлескен инвестициялық жобалар бойынша келіссөздер бастауын алды. Аталмыш шара қазақстандық бизнестің Таяу Шығыс нарығындағы позициясын одан әрі кеңейте түсті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер