«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

БИЗНЕС ҮШІН МҮМКІНДІК: ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №12 МЕКЕМЕ АУМАҒЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ

2025 жылғы 22 Мамыр
- Алматы облысы
300 просмотров

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі өкімімен бекітілген «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру жөніндегі 2023–2025 жылдарға арналған жол картасының» тармақтарын іске асыру аясында Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдерін Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №12 мекемесінің аумағында өндірістік нысандар орналастыру мүмкіндігін қарастыруға шақырады.

Инфрақұрылым мен жағдайлар:

- Түрлі өндірістерді (ағаш, металл, пластик бұйымдары, қайта өңдеу және т.б.) орналастыруға арналған тез тұрғызылатын модульдік ғимараттарды орнатуға қолайлы бос жер телімдері бар.

- Қолжетімді жалдау: «Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» арқылы жалдау құны нарықтық бағадан әлдеқайда төмен (мысалы, 100 ш.м. дейінгі үй-жайларды жалдау шамамен 35 000–50 000 теңге). Толық ақпаратты мына телефон арқылы білуге болады: 8 (7282) 24-03-27.

- Жұмыс күшімен қамтамасыз ету: Мекеме жұмыс берушінің сұранысы бойынша қажетті мөлшерде жұмыс күшін ұсынады, бұл жұмысшыларды өз бетінше іздеудің қажеті жоқтығын білдіреді

 - Еңбекақыға жұмсалатын шығын аз: Жұмысшылар мекеме қамқорлығында болғандықтан, еңбекақы ең төменгі есептік көрсеткіштен бастап белгіленеді.

- Қауіпсіздік: Өндірістік нысандар Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы тарапынан күзетіледі, бұл жеке күзет агенттіктерін тартудың қажеті жоқ екенін білдіреді.

Байланыс:

Қосымша ақпарат алу және ынтымақтастық шарттарын талқылау үшін Алматы облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына хабарласыңыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер