«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бюрократия азайып, қолдау көбейеді: Абай облысында МЦОП ашылды

2025 жылғы 10 Ақпан
- Абай облысы
493 просмотров

Қазақстанда кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталықтары (МЦОП) іске қосылуда – бұл мемлекеттік қызметтер мен қаржылай емес қолдауды бір жерден алуға мүмкіндік беретін бірыңғай кеңістік. Осындай орталықтың ашылуы Абай облысы Кәсіпкерлер палатасы базасында өтті.

Орталық Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде құрылды.

«Абай облысында кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталығының ашылуы – бизнес үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы маңызды қадам. Енді кәсіпкерлер тек кеңес беру және сервистік қызметтер ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер мен қаржылық құралдарға толық қол жеткізе алады. Бұл заңды тұлғаларды тіркеу, лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу және қаржыландыруға өтінім беру процесін айтарлықтай жеңілдетеді. «Бір терезе» қағидатының арқасында бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіледі – бастау кезеңінен бастап кеңейтуге дейін. Егер бұрын мұндай орталықтар еліміздің тек төрт өңірінде ғана жұмыс істесе, қазір тағы алты облыста ашылып, оның ішінде біздің өңіріміз де бар. Бұл кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, бизнесті жүргізуді қолжетімді әрі ыңғайлы етеді», – деп атап өтті Абай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Максат Сүйчинов.

Айта кетейік, 2023 жылдан бастап МЦОП еліміздің төрт өңірінде: Астана, Шымкент, Алматы және Орал (БҚО) қалаларында жұмыс істейді. Жаңа даму кезеңі аясында 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап бұл орталықтар Абай, Ұлытау, Маңғыстау, Қостанай, Түркістан және Атырау облыстарында да іске қосылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер