Қызылорда облысы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
«Атамекен» ҰКП сайлау комиссиясы сайлау нәтижелерін жариялап, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің жаңа құрамын бекітті.
Кеңесте квотаға сәйкес 15 мүше, оның ішінде 7 аудан мен Байқоңыр қаласынан және 7 салалық кеңестен бір-бір өкілден қамтылған.
Айта кетейік, сайлау 27-29 қаңтар аралығында өтті, барлығы 26 өтінім берілді. Дауыс беруді тікелей аудандық және салалық кеңес мүшелері жүргізді. Жаңа құрамға бұрынғы Өңірлік кеңес құрамнан 6 делегат кірді. Бұл өз кезегінде құрамның 60%-ға жаңаруына әкелді. Кеңес құрамында 10 ер адам және 5 әйел бар.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес құрамы:
- Асенов Аблан Мұсабекұлы, «Нұр» ЖК басшысы (Жаңақорған аудандық кеңесі);
- Дауленбаева Шолпан Әнуарқызы, С.А.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр колледжінің құрылтайшысы (Байқоңыр қаласы бойынша кеңесі);
- Дәулетбаева Венера Нартайқызы, «Venera Print» ЖШС директоры (Әйелдер кәсіпкерлігінің салааралық кеңесі);
- Дәулетиярқызы Қуанышкүл, «РАУАН» мектепке дейінгі шағын орталық ЖШС директоры (Қазалы аудандық кеңесі);
- Дүлдүл Руслан Кажденбекұлы, "ZIYATKER" "ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ» ЖШС құрылтайшысы (Білім саласы және әлеуметтік кәсіпкерлік салалық кеңесі);
- Еспенбетов Манарбек Нағымұлы, «Промстройсервис.Е» ЖШС құрылтайшысы (Құрылыс саласы бойынша кеңесі);
- Құлмырзаев Мейрамбек Оразғалиұлы, «Арал құрылыс» ЖШС директоры (Арал аудандық кеңесі);
- Прекешов Ғалым Маратұлы, «NP Consalting» ЖШС директоры (Өнеркәсіп салалық кеңесі);
- Маханбет Патима Шаймерденқызы, ЖК «Маханбет» басшысы (Шиели аудандық кеңесі);
- Раимов Ерлан Қаниұлы, «РАИМ» ЖШС құрылтайшысы (Сауда, қызмет көрсету және туризм салалық кеңесі);
- Сәрсенбаев Мұрат Абайұлы, «Абай Даулет» ЖШС директоры (Агроөнеркәсіп кешені салалық кеңесі);
- Серіков Шыңғыс Серікұлы, «Белсенді» фермерлік қожалығының төрағасы (Жалагаш аудандық кеңесі);
- Сералиева Рахима Аяғанқызы, «Әли-Нұр Мед» клиникасының құрылтайшысы (Денсаулық сақтау салалық кеңесі);
- Сыздықов Жеңісбек Шәкімбайұлы, «Шаған жер» ЖШС директоры (Сырдария аудандық кеңесі);
- Іздібаев Нұрлан Тұрғанбекұлы, «Ақтөбе и К» ЖШС директоры (Қармакшы аудандық кеңесі).
Пікір қалдыру:
Пікірлер: