«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер кеңесінде бизнесті тежейтін кедергілер талқыланды

2025 жылғы 31 Қаңтар
- Түркістан облысы
147 просмотров

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға кеңес төрағасы Орынбасар Кабиштаев, Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова, кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, жеке сот орындаушылар және кәсіпкерлер қатысты.

Отырыста бірқатар өзекті мәселелер қаралды. «Медет сүт» ӨК АШӨК-і мен «Ырыс» микроқаржы ұйымы арасындағы даулы жағдай күн тәртібіне шығарылды.

Сондай-ақ, мектепке дейінгі мекемелерде биометриялық жүйені енгізуге байланысты туындаған қиындықтар талқыланды. Бұл мәселе бойынша «Кано» Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының Түркістан филиалының директоры Дильдар Хабибова баяндама жасады.

Бұдан бөлек, «Түркістан қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік кәсіпорнының мемлекеттік сатып алу талаптарын жүйелі түрде орындамауына қатысты мәселе көтерілді. Бұл туралы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің 1-дәрежелі сарапшысы Ш. Абдукадиров баяндады.

Отырыс барысында кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері кеңінен талқыланып, тиісті ұсыныстар әзірленді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер