«Zhas Maman 2025»: Алматының оқушылары болашақ бағдарын бүгін таңдауда
30 қаңтарда Алматы қаласының оқушылар сарайында жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған «Zhas Maman 2025» кәсіптер жәрмеңкесі өтті. Іс-шара 3000-нан астам тоғызыншы сынып оқушылары келді. Олар үшін жәрмеңке болашақ мамандықты таңдауда бағыт-бағдар болды.
Жәрмеңкеге 50-ден астам колледж қатысты. Олар әртүрлі салаларға мамандар даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсынды. Бұл бастама жоғары сынып оқушылары үшін үлкен маңызға ие, өйткені дәл осындай шаралар жасөспірімдерге мамандық таңдаудың маңыздылығын түсінуге және оларды табысты мәнсап жолына бағыттауға көмектеседі.
Іс-шараны ұйымдастырушылар - Медеу ауданының білім бөлімі және № 64 мектеп. «Атамекен» палатасының қызметкерлері қаланың білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспары аясында спикерлер ретінде қатысты. Себебеі, Палата оқушыларды дуальды оқыту және кәсіптік бағдарлау шеңберінде кәсіпорындармен белсенді өзара іс-қимыл жасайды. Ол үшін жыл бойына түрлі конференциялар, «дөңгелек үстелдер», оқушыларды жұмысшы мамандықтармен таныстыру үшін қала кәсіпорындарына танымдық экскурсиялар жоспарланған. Сонымен қатар, Палата әр жастағы адамдар үшін жұмысшы мамандығын алу қысқа мерзімді курстар өткізуге, дуальді оқыту бағдарламасын іске асыруға, кәсіптік бағдар беру бойынша түрлі іс-шараларға, сондай-ақ кәсіпкерлерді сұранысқа ие жұмысшы кәсіптерінің мамандарын даярлауға қолдау көрсетуде. Бұл туралы форумда Алматы қаласы кәсіпкерлер Пплатасының кәсіпкерлерді қолдау және дамыту бөлімінің жетекші маманы Жанар Ибрагимова айтып берді.
Іс-шара кәсіби бағдар беру және қазіргі еңбек нарығының сын-қатерлеріне дайын жастарды даярлау мәселесіне кешенді көзқарастың маңыздылығын ерекше көрсетті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: