«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан мен Ресей: Іскерлік байланыс нығая түсті

2024 жылғы 11 Желтоқсан
- Астана қаласы
117 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин Мәскеу қаласы мен Қазақстан компанияларына арналған іскерлік кездесулерге қатысты.

Қазақстан — Мәскеудің сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы негізгі серіктестерінің бірі.

«Made in Moscow» бірегей бренді аясында жобаларды іске асыра отырып, Мәскеу Экспорттық Орталығы астаналық және Қазақстан Республикасындағы бизнес арасындағы өзара тиімді іскерлік байланыстарды дамыту үшін қажетті жағдайларды жасайды. Сонымен қатар, МЭО 30-дан астам қолдау шараларын жүзеге асырады, оның ішінде бизнес-миссиялар ұйымдастыру және шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізу. Іскерлік миссияға қатысу Қазақстан мен Мәскеу кәсіпкерлері үшін тәжірибе алмасу, жаңа іскерлік серіктестер табу және өзара сауда мүмкіндіктерін кеңейту үшін маңызды қадам болды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер