Коммуналдық қалдықтарды қалыптастыру және жинақтау нормаларын, сондай-ақ ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін көтеру мәселелері
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің қатысуымен отырыс өтті.
Кездесуде коммуналдық қалдықтарды жинау және жинақтау нормаларын, сондай-ақ ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін көтеру мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында кәсіпкерлер бірнеше маңызды ескертулер мен ұсыныстарын білдірді: 1. Нормалар мен тарифтердің жоғары болуы. Ұсынылған ТҚҚ нормалары мен тарифтері сұрақтар туғызады, себебі олар ақылға қонымды шектерден айтарлықтай жоғары. 2. Есептеулердің айқын болмауы. Қатысушылар есептеулердің, негізінде жаңа нормалар мен тарифтер ұсынылып отырған, түсініксіз және ашық еместігін атап өтті. 3. Тарифтердің негізсіз көтеріліуі. Мәселе мынада, Астанадағы ТҚҚ тарифтері мен нормалары басқа өңірлермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары, ал елордада коммуналдық қалдықтардың үлесі төмен болғанымен. Талқылау нәтижесінде ұсынылған өзгерістерді одан әрі қарастыру және жетілдіру үшін Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлердің қатысуымен жұмыс тобы құру ұсынылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: