«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Біріңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» АҚ жұмысындағы кемшіліктер

2024 жылғы 11 Желтоқсан
- Астана қаласы
103 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Астана Даму Орталығы» ЖШС-нің қолдауымен кәсіпкерлер-инвесторлар мен жергілікті атқарушы органдар, прокуратура органдары, «Мемлекеттік корпорация «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және басқа да мүдделі тараптардың өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы — «Біріңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» ақпараттық жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі мәселесі, атап айтқанда жер учаскелеріне меншік құқықтарын тіркеудегі бас тартулар туралы болды. Талқылау барысында уәкілетті органдардың пікірлері мен ұстанымдары тыңдалды. Мәселенің бірі Палатаның «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-на жасаған өтінішінен кейін шешілді. Дегенмен, табылған шешім әзірге жеке, бір реттік сипатта болды. Сонымен қатар, кездесуде бірнеше уәкілетті органдармен бұл бағытта жұмысты жалғастыруға келісті, мәселені түпкілікті шешуге дейін жұмыс істейтін боламыз.

Кездесудің қорытындысы бойынша Кәсіпкерлер палатасы жанынан жұмыс тобы құрылатыны жөнінде хаттамалық шешім қабылданды, бұл топ техникалық және нормативтік аспектілердегі бар мәселелерді егжей-тегжейлі талдап, шешуді қолға алатын болады. Жақын арада ұсынылған шешімдерді енгізу бойынша жұмыс басталады. Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту және жер учаскелеріне құқықтарды сенімді әрі ашық тіркеуді қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер