«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында қан орталығының көшпелі станциясы ашылды

2024 жылғы 23 Қазан
- Ақмола облысы
3236 просмотров

Облыстық қан орталығы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасында көшпелі биологиялық материал жинады.

Бұл акция бизнес субъектілері, ӨКП сарапшылары, сондай-ақ басқа мекемелердің қызметкерлері үшін ұйымдастырылған. Донорларды қабылдау сағат 9.00-ден басталды. Қан тапсырғысы келетіндердің әрқайсысы арнайы сауалнаманы толтырады, содан кейін көшпелі зертхана мамандары әлеуетті донорға гемоглобин деңгейі, қан тобы, резус-тиістілігін анықтайды, клиникалық-зертханалық зерттеу жүргізеді. Дәрігер-маман медициналық куәландырғаннан кейін ғана донор донацияға рұқсат алады.


«Біз мұндай науқандарды ұйымдармен алдын ала келісілген жағдайда апта сайын бір жыл бойы өткіземіз. Көшпелі қан алу донорларға ыңғайлы болу үшін қолға алынып отыр. Өйткені барлық қызметкер жұмыс күні барысында бізге келе алмайды. Мұндай қадамның маңыздылығын түсінген көптеген ұйым, соның қатарында кәсіпкерлер палатасы біздің ұсынысымызды қолдағаны қуантады», - дейді Облыстық қан орталығының бөлім меңгерушісі Оксана Галимская.


Орталық мамандары қан тапсыру рәсіміне дейін де, одан кейін де қажетті ұсыныстарды сақтауға кеңес береді. Донордың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттар болуы қажет.


«Қан орталығының біздің алаңда акция өткізу туралы ұсынысына бірден жауап бердік, қан тапсыру – бұл саналы қимыл, бұл өмір сүру нормасы, бұл құрметті қадам. Рәсімнен өз еркімен өтуге шешім қабылдаған кәсіпкерлер де, біздің қызметкерлер де шетте қалмады», - деп атап өтті Өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер