«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола кәсіпорындары — «Таза Қазақстан» акциясының белсенді қатысушылары

2024 жылғы 14 Қазан
- Ақмола облысы
4207 просмотров

Экологиялық акция басталғаннан бері Ақмола облысының кәсіпорындары науқанға белсенді қатысып жатыр. Олардың қатарында танымал өндірушілер — «ENKI» ЖШС және Кazrost Engineering Ltd жеке компаниясы бар.

«ENKI» ЖШС — Қазақстанның кірпіш өндірісінің флагманы. 2010 жылы пайдалануға берілген зауыт бүгінде елдегі кірпіш өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Жоғары технологиялық жабдық, автоматтандырылған процестер, тиімді басқару жылына 60 миллион кірпіш өндіруге мүмкіндік береді. 2021 жылы компания өндірісті кеңейтіп, тағы бір цех - «ENKI Plus» салып, жылына 30 млн дана шартты кірпіш шығаруды қамтамасыз етті. Жақын болашақта Астанада зауыт, сондай-ақ Шымкентте газ блоктарын өндіру зауытының іске қосылуы жоспарланған.

Кәсіпорын басшысы Мырзабай Әбдіқалықовтың айтуынша, жаңа цехтарды іске қосу сату көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жалпы өңірдегі құрылыс қарқынын арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, кәсіпорын өндірістік секторды қалыптастырумен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Компания алғашқылардың бірі болып Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысуға шақыруын қолдады.

«Кәсіпорындарымыздың қызметкерлері, шамамен 360 адам, жалпы қалалық сенбіліктерге белсенді қатысты. Жақында ғана қыркүйектің соңғы күндерінде біз Көкшетау қаласының Васильковский шағын ауданында аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргіздік. Біздің компания сондай-ақ Застаничный кентінде шикізат өндіру орындарында (карьерлерде) көшеттерді міндетті түрде егу қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, біз абаттандыруды жүргізу кезінде коммуналдық қызметтерді арнайы техникамен тұрақты негізде қамтамасыз етеміз», - деді Мырзабай Әбдіқалықов.

Kazrost Engineering Ltd жеке компаниясы экологиялық акция аясында ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға белсене қатысты. Компания ауылшаруашылық, орман шаруашылығы тракторлары, ауылшаруашылық машиналарын шығарады. Өндірістік қуаты - жылына 1000 комбайнға дейін. Биыл жаңа цехтың құрылысын бастау жоспарланған. Бұл шара өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Компания қызметкерлері аумақтарды жинауға, қоқыстарды сұрыптауға және шығаруға, ағаш егу жұмыстарына қатысады. Ал жақында Кazrost қызметкерлері, жұртшылық өкілдері қатарынан экодесанттар жасағы Көкшетау қаласы Бірлік шағын ауданының бір көшесіне көшет екті. Алайда, компанияның «Таза Қазақстан» аясындағы ең үздік бастамасы осы шағын ауданда саябақты жайластыру болды.

Компания басшысының орынбасары Азамат Жақыповтың айтуынша, бүгінде абаттандыру жұмыстарының 80%-ы аяқталды. Тротуар плиталары төселді, саябақ аймағында көшет егетін орын қарастырылған.


«Таза Қазақстан» акциясына қатысу - бұл экология мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті, оның ішінде өскелең ұрпақтың бойында табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру үшін ортақ мақсатта бірігу тәсілі», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер