«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола кәсіпкерлеріне тұтынушы құқығы мен заңнаманың сақталуы туралы ақпарат берілді

2024 жылғы 29 Наурыз
- Ақмола облысы
13426 просмотров

Сауда қызметін және тұтынушылардың құқығын қорғау саласын регламенттейтін заңнама нормалары Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен сауда және қызметтер салалық кеңесінің кезекті отырысында қаралды. Сондай-ақ, «Сапалы өнім» жобасын іске асыру аясындағы ынтымақтастық жолдары талқыланды.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғау, «Азамат – бизнес – мемлекет» триадасында қатынастарды қайта құрудағы сауда саясатында реттеуші шараларды әзірлеуге бағытталған «Сапалы өнім» тұжырымдамасының жобасы енгізілді. Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде барлық мемлекеттік орган, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өзара іс-қимылы талап етіледі.

Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Ерлан Әубәкіров айтып өткендей, жобаны іске асыру мақсатында қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтар тұтынушыларға қолжетімді тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету орындарына барып, қоғамдық бақылау жүргізеді. Бұл ретте олар тауар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасайды, сондай-ақ тұтынушылар мүддесі үшін сотқа талап-арыз береді. Тұтынушылардың құқығы мен заңды мүддесінің бұзылуы анықталған кезде бұл туралы ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі. Сондай-ақ бақылау субъектісіне беріледі. Қоғамдық бірлестіктер қызметін неғұрлым тиімді интеграциялау үшін ахуалдық штаб құрылды, оған бейінді мемлекеттік органдар да кірді.

Штаб жұмысының нәтижесі бойынша өткен жылдан бастап импорттық өнімнің шамамен 13 түрі зерттелді. 10-ға жуық бұзушылықтар анықталды: өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, мәлімделген сипаттамалар мен құрамға, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі.
Өз кезегінде өңірлік палатаның директоры Ерқанат Мұсылманбек бизнес субъектілерінің өтініштері негізінде ахуалдық штабтың жұмысын күшейту ұсынылатынын атап өтті. Сүт өнімдерін өндірушілерден көптеген шағым түсіп жатыр.

«Расында да, бүгінде парадоксалды жағдай орын алды. Бір жағынан, мемлекет сүт-тауар фермаларын салуға қомақты ақша жұмсайды, ал елде шикізат апатты түрде жетіспейді. Ресей мен Беларусьтен импортталған «сүт» бар, оның ішінде құрғақ сүт басым. Өткен жылдың он айында ғана Қазақстанға 10 мың тоннаға жуық құрғақ сүт «келді». Бұл ретте оған жыл сайынғы қажеттілік небәрі 2 мың тоннаны құрады. Отандық сүт өндірушілері арзан сапасыз импортпен бәсекелестікке төтеп бермей жабылуға мәжбүр. Осыған байланысты ахуалдық штабтың жұмысын жандандыру қажет», - деп толықтырды АӨК кеңесінің төрағасы Қуаныш Рақышев.

Ерлан Әубәкіров аудиторияны сауда қызметін және тұтынушылардың құқығын қорғау саласын регламенттейтін заңнама нормалары туралы хабардар ете отырып, тұтынушылар әрбір азамат үшін қолжетімді бағамен отандық өндірушілердің бірінші қажеттілік өнімдерімен қамтамасыз етілуге тиіс екенін еске салды.

Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеуді тұрақтандыру үшін делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия жұмысының нәтижелері бойынша департамент сауда үстемесін асырғаны үшін 70 кәсіпкерлік субъектіне әкімшілік сипаттағы шаралар қолданды. Соның ішінде 65 ескерту, 198 мың теңгеден астам сомаға 5 айыппұл салынды.


«Бизнес субъектілеріне қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігін еске саламыз. Атап айтқанда, сауда үстемесі өндірушінің сату бағасының немесе көтерме жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-нан аспауы керек. Отандық өндірістің азық-түлік тауарларын сауда алаңына орналастыру жалпы сауда алаңының кемінде 30%-ы болуға тиіс. Сондай-ақ сатылатын тауарларға баға белгілерінің, тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттың міндетті түрде болуы қажет. Тұтынушыға тауарды қайтару және айырбастауды жүзеге асыру, «тұтынушының бұрышын» ұйымдастыру, тұтынушының 10 күнтізбелік күн ішінде берген шағымына жауап беру қажет», - деп атап өтті Ерлан Әубәкіров.

Жиын қорытындысы бойынша кәсіпкерлерге: азық-түлік тауарларын көтерме сатып алу кезінде тауардың қажетті таңбалануына және сапаның сәйкестігіне бақылау; импортталатын әкелінетін өнімді немесе отандық тауар өндірушілердің өнімдерін сатып алуды таңдау кезінде таңдауды соңғысының пайдасына жүзеге асыру ұсынылды.

Таңбаланбаған импорттық тауар анықталған жағдайда кәсіпкерлерге сауда және тұтынушылардың құқығынқорғау облыстық департаментінің қызметкерлеріне хабарлау ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер