«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік палата сарапшыларының араласуынан кейін Ақмола кәсіпкерлері қызметін қайта бастады

2024 жылғы 13 Наурыз
- Ақмола облысы
12230 просмотров

Өткен жылдың соңында Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасына теміржол тасымалы кезінде туындаған проблемамен ірі бизнес субъектілерінің өкілдері жүгінді. Бұл мәселе Степногорск қаласының кәсіпкерлер форумында да талқыланды.


Степногорск қаласының ірі компанияларының өкілдері («Астана Нан» ЖШС, «Қазақалтын Технолоджи» ЖШС, «Жылыжай технологиялары» ЖШС, «Степногорск терминал» ЖШС, «Темір Әлем» ЖШС және т.б.) теміржол тасымалы кезінде туындаған күрделі проблемаға тап болды. Белгілі болғандай, кәсіпорындар шикізат компоненттерін алыс және жақын шетелдерден сатып алады. Арнайы контейнерлерде шикізат Алтынтау станциясына жеткізілді (Степногорск қ. Ақсу ауылы шегінде орналасқан) Содан кейін олар жүкті өз тұйықтарына тасымалдады, сол жерден компаниялар өз күші және техникасымен түсірді.

Алайда, 2023 жылдың 1 қазанында Теміржол вокзалы 10н параграфының (ірі тоннажды контейнерлерді тиеу/түсіру) жұмыс регламентінде болмауына байланысты ірі тоннажды контейнерлерді қабылдауды тоқтатты. Бұл жағдай кәсіпкерлер үшін өндіріске үлкен кедергі болды.


«Шикізатты жеткізу бойынша барлық логистикалық тізбекті ауыстыру мүмкін емес. Ал көліктің басқа түрлеріне көшу көлік шығындарының едәуір артуына әкеп соғады, тиісінше дайын өнімнің құны өседі», - дейді ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Гүлден Сахаева.


Өңірлік палата сарапшылары «Атамекен» ҰКП-ға ұсыныстар енгізді. Ұлттық палата «ҚТЖ» ҰК АҚ-мен хат алмасуға кірісті, ол өз кезегінде Көлік министрлігінің атына жүк операцияларын жүргізу үшін Алтынтау станциясын ашу мәселесін қарау туралы сұрау салынды.

Нәтижесінде Көлік министрінің 2024 жылғы 1 наурыздағы № 92 бұйрығымен Алтынтау теміржол станциясы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің теміржол көлігі жөніндегі кеңесі бекіткен тарифтік басшылықтың 10н параграфына сәйкес ашылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер