«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында шенеуніктер кәсіпкерлерге заңсыз айыппұл салған

2023 жылғы 07 Қараша
- Ақмола облысы
16691 просмотров

Бизнес құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ мемлекеттік орган кәсіпкерлерге салған әкімшілік санкциялардың күшін жоюға қол жеткізді. Болжамды айыппұлдардың жалпы сомасы 1,6 млн теңгені құрады.

Мобильді топтардың атына Ақмола тасымалдаушыларынан көлік габариттерін өлшеу қателіктеріне байланысты сигналдар түсіп жатыр. Кәсіпкерлер арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының дұрыс көрсетілмегеніне қарамастан, бизнеске заңсыз айыппұл салатын көліктік бақылау облинспекциясының әрекетіне шағымданады.

Көкшетау қаласының көлік прокуратурасы автокөліктің мөлшерін анықтау кезінде қателіктің дұрыс емес есептік мәнін анықтады. Атап айтқанда, сертификаттау және сараптама орталығы сертификат берді, оған сәйкес Атбасар қаласының маңындағы «Челябинск-Қостанай-Алматы» автомагистралінің 1007-ші шақырымында өлшеу құралы III класты жолдарда пайдалану үшін жарамды деп танылды, қателігі небәрі 4%. Сонымен қатар, аталған жол класына арналған жабдықтың техникалық паспортында қателік 14% ретінде есептелген.

«Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдары дұрыс жұмыс істемеуі – жүйелі проблема. Оны біз түрлі алаңдарда бірнеше рет көтердік. Бұл жолы бизнесті қорғау жөніндегі мобильді топтың бірлескен және үйлесімді жұмысының арқасында мәселені біздің стратегиялық әріптесіміз – Көкшетау көлік прокуратурасы атынан тікелей қатысуымен реттеуге мүмкіндік туды. Кәсіпкерлерге салынған айыппұлдар алынып тасталды. Бұл айыппұлдар облыстық көліктік бақылау инспекциясы тарапынан заңсыз салынған. Болжамды айыппұлдардың жалпы сомасы 1,6 млн теңгені құрады», - деп түсіндірді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Еске салсақ, Ақмола облысының барлық өңірлерінде бизнес құқығын қорғау бойынша мобильді топтар құрылды. Оған өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшылары мен прокуратура органдарының қызметкерлері кіреді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер