«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер Ресейдің екі қаласынан Көкшетауға әуе рейстерін ашуды ұсынды

2023 жылғы 11 Сәуір
- Ақмола облысы
10469 просмотров

Зеренді ауданындағы «Парус» лагерінің алаңында туристік бизнес субъектілерінің қатысуымен жиын өтті. Кездесудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы, сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы туристік автобустарды кезектен тыс өткізу мәселесін талқылау болды.

Бұл мәселе 2022 жылы ҚР Шекара қызметінің қолдауымен және «Атамекен» ҰКП-ның белсенді қатысуымен пилоттық режимде реттелгені белгілі.

Жұмыс тәртібінде Ресейден Қазақстанға туристік топтарды қабылдайтын немесе қазақстандық туристік топтарды Ыстықкөл қаласына жіберетін отандық туроператорлардың қатысуымен чаттар құрылды. Чаттарға туроператорлар туристік топтар, туристердің аты-жөні аталған тізімі, автобус нөмірлері және өткізу пункттеріне келу уақыты туралы ақпарат жіберіп отырды.

 «Туроператорлар былтыр қолға алынған пилоттық жобаның жоғары тиімділігін атап өтіп, оны іске асыруға көмектескен тараптарға алғыс білдіріп жатыр. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өткізу пункттерінде шекара бақылауынан өту уақыты бес есеге қысқарды, осы уақыт ішінде 15 мыңнан астам турист кезектен тыс жедел тәртіппен шекарадан өтті. Ресей мен біздің ел арасындағы өткізу пункттерінде шекара бақылауын жүзеге асыру уақыты 4,5 есеге қысқарды, қазақстандық туроператорлар 5 мыңға жуық туристті қабылдады. Пилоттық жоба аясында алдын ала ұйымдастырылған туристік топтар ғана қаралғанын айта кету керек», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

 Сондай-ақ, Ұлттық палата өкілі шекара маңындағы турларға сұраныстың артуын ескере отырып, бұл жобаны тұрақты негізде жүргізу қажеттігін атап өтті.

«Бұл бастаманы тұрақты негізде іске асыру үшін, ең алдымен, туристік автобустарды кезектен тыс өткізуге заңнамалық негіз жоқ екенін ескерсек, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет. Бұдан басқа, осындай турларды сататын барлық туроператор үшін бірыңғай тәсілдер мен жағдайлар қарастыру қажет», – деді Мақсат Қиқымов.

 Спикердің айтуынша, осыған байланысты ҰҚК Шекара қызметі және турбизнестің қатысуымен Қазақстан-Ресей және Қазақстан-Қырғызстан бағыты бойынша бөлек көшпелі жұмыс кездесулер жоспарланған.

 Сонымен қатар, ҚР ҰҚК өкілдерінің позициясына сәйкес, осы мәселе бойынша барлық ұсыныс пен бастамалар жетекшілік ететін уәкілетті орган – Мәдениет және спорт министрлігінен алынуы тиіс. Кездесуге қатысушылар жұмыс кеңесінің мақсаты – уәкілетті органнан қолдау алу екенін атап өтті. Уәкілетті орган жазғы маусымның басында аталған мәселелерді пысықтайтын болады.

 Жиын барысында елдер арасындағы арақашықтық үлкен, ал Көкшетау әуежайы халықаралық екенін ескере отырып, «Тюмень-Көкшетау» және «Омбы-Көкшетау» рейстерін ашу қажеттілігі мәселелері талқыланды. Ресей тарапының позициясына қатысты азаматтық авиация комитетінен осы мәселе бойынша нақтылау қажет.

«Егер баға қолжетімді болса, онда рейстерді іске асыруға мүмкіндік бар. Мәселе әуе отынында ғана. Дизель отынының қымбатшылығы салдарынан біз әуе рейстері мәселесін шеше алмай отырмыз. Баға қымбат. Бұл мәселені Азаматтық авиация комитетінің басшылары деңгейінде талқыланғанын қалаймын. Әуе рейстері шешілсе, бізге туристердің ағыны арта түсер еді», – деп ұсынды «Балалар мен жасөспірімдер туризмінің республикалық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Қайрат Сұлтанов.

  Көкшетау әуежайының деректері бойынша жолаушылар ағыны мүмкін көлемі 6000 адам болған кезде Қазақстан тарапынан Көкшетау-Омбы рейсін ашуды ұсынады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер