«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы отандық өндірушілердің тізілімін қалыптастырады

2023 жылғы 15 Ақпан
- Ақмола облысы
9894 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамына ұсынылатын жиһаз өнімдерін, құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жинақтап жатыр (сілтемені қараңыз).

Тізілімді қалыптастыру кезінде қызмет түрлеріне сәйкес заңды тұлғалар бойынша ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректер базасы негізге алынды:

  • кәсіпкерлік субъектінің атауы,
  • экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша қызмет түрінің атауы және коды (оның ішінде қызметтің қайталама түрі),
  • кәсіпкерлік субъектінің орналасқан өңірі,
  • жасырылған БСН.

Бұл тізім негізгі қызмет түрі (ЭҚЖЖ) бойынша қалыптастырылған, алайда іс жүзінде кейбір компаниялар бірнеше бағыт бойынша қызмет жүргізеді. Мысалы, жиһаз өндірушілер көтерме сауда қызметін жүргізе алады немесе ағаш материалдарын шығара алады.

Ол үшін тізілімнің бастапқы формасы (ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің деректері) өңірлік палаталарға жіберілді. Кәсіпкерлердің өздерін тексеруге және қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды қоса бере отырып, мәліметтерді (ӨКП арқылы) жаңартуға мүмкіндігі бар.

 Экономикалық қызметтің негізгі немесе қайталама түріне (ЭҚЖЖ) өзгерістер қажет болған жағдайда тізілімде нұсқаулық әзірленді, оны мына жерден жүктеуге болады.

Өңірлік палаталардан толық ақпарат алғаннан кейін тізілімді қалыптастыру кезінде Мемлекеттік кірістер комитетінің (сенімсіз салық төлеушілердің тізілімі) және МС және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (жосықсыз өнім берушілердің тізілімі) мемлекеттік сатып алу порталдарының дерекқорында ұйымның сенімділігі туралы мәліметтер қосымша ескерілетін болады.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша Тізілім «Samruk-Kazyna Construction» АҚ» – «жайлы мектеп» ұлттық жобасының операторына пайдалануға ұсынылатын болады.

Еске салсақ, жиһаз сатып алу «Самұрық-Қазына» АҚ тауар өндірушілерінің тізілімі және/немесе «Атамекен» ҰКП отандық өндірушілер тізілімі (Индустриялық сертификат негізіндегі салалық тізілім) арқылы жүзеге асырылады.

Жиһаз өндірушілер ұлттық жобаға қатысуға ниет білдірген жағдайда Индустриялық сертификат алуы қажет. Индустриялық сертификатқа өтінім беру туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://atameken.kz/ru/pages/886-industrial-naya-sertifikaciya.

Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін тауарлардың шығу түбін растайтын сертификаттарды беру процесі толығымен автоматтандырылған. Осы файлда «электрон сертификаттау жүйесі» модулімен жұмыс істеу нұсқаулығымен таныса аласыз. 

Барлық сұрақтар бойынша Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің келесі байланыс деректері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96 үй, 8 қабат, жобаларды сүйемелдеу және экономикалық талдау бөлімінің бастығы Руслан Төлегенов, тел.: 8 (7162) 723290, +7 705 425 44 41, r.tulegenov@atameken.kz., № 810 кабинет; адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Индира Күйшенова, тел: 8(7162) 72 34 72, 8-707-849-53-03, humancapital.kov@atameken.kz., каб. №805.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер