«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда алғашқы аспаздық студия ашылды

2022 жылғы 17 Ақпан
- Ақмола облысы
20446 просмотров

Көкшетау қаласында алғашқы аспаздық студия ашылды. Жаңа бизнес объектіні «Бастау Бизнес» жобасының түлегі Наталья Михайленко ашты.

 Аспаздық шеберхананы ашудағы басты мақсат – тұрғындарды, тіпті балаларды да ас әзірлеуге үйрету. Бір жарым сағат бойы студиядағы шеф-аспаз бен Натальи Михайленко ынта танытқан барлық келушіге аспаздықтың қыр-сырын үйретеді. Шеберлік сабақтарынан бөлек мұнда басқа да шаралар: бизнес таңғы астар, ланч, дегустациялар, диеталық десерттер дайындау, акциялар ұйымдастырылады.

 «Келешекте біз аспаздық баттл өткізгіміз келеді, осылайша көпшілікті тамақ дайындаудың шеберлігіне баулығымыз келеді. Тағы бір бастамам – белгілі тұлғалардың қатысуымен жеке аспаздық тележобасын жүзеге асыру. Басты мақсат – демалыстың өзіндік орталығын ұйымдастыру, сондықтан біздің қонақтар мен келушілер жайлы, тыныш атмосферада әр түрлі тағамдарды дайындауды қуана үйренеді», – дейді бизнес ханым.

Натальяның мамандығы – аспаз, оның қоғамдық тамақтану саласында отыз жылдық тәжірибесі бар. Наталья көп жылдар бойы жалдамалы жұмысшы болған, енді жеке кәсіп иесі.

 2019 жылы Наталья Михайленко «Бастау Бизнес» жобасымен оқуға қатысып, грант алды, қоғамдық тамақтану нүктесін ашты. Бұған қосымша кәсіпкер кейтеринг қызметін көрсетеді.

 «Бизнеске нөлмен келдім десе болады. Мамандығымнан басқа ешқандай капиталым болмады. Кәсіп ашуға қажетті білімім де жоқ еді. «Бастау Бизнес» жобасы өзіме сенімділік сыйлаған баспалдақ болды», – дейді жоба түлегі.

 Сонымен қатар кейтеринг арқылы кәсіпкер тағамдарды жеткізуді ұйымдастырып, үлкен тәжірибеге ие болды. Бұл қызмет оған әсіресе пандемияның басында, локдаун кезеңінде мейрамханалар мен кафелер онлайн режиміне өтіп, жұмысын тоқтатқан кезде қолға алынды. «CHEF NATALI» жеке кәсіпкерлігінің қызметтері үлкен сұранысқа ие болды. Тамақ жеткізу қаланың түрлі нүктелеріне жүзеге асырылды.

 «Наталья Михайленко 2019 жылы «Бастау Бизнес» жобасының ең озат түлектерінің бірі болды. Дәл осы жоба оған бастапқы капиталды алуға мүмкіндік берді. Әрі қарай, өзінің тәжірибесі мен табандылығының арқасында Наталья өзі таңдаған салада жетістіктерге қол жеткізді. Оның бизнесі дамып, клиенттік базасы өсіп жатыр. Енді аспаздық студия ашылды. Біздің облыс орталығы үшін бұл жаңалық, тәжірибелі аспаз шеберлеріне әрдайым үлкен сұраныс бар, сондықтан кәсіпкер үшін бұл қадам да табысты деп сеніммен айтуға болады", – деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Анар Саниева.

 Биыл өңірде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу наурызда басталады деп күтілуде. Жобаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Толық ақпарат мында.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер