«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында «Бастау» түлегі «тәтті» бизнес ашты

2019 жылғы 19 Қараша
- Ақмола облысы
30068 просмотров

«Бастау» түлектері туралы деректер – аңыз емес, бұл қысқа мерзімде өмірлерін өзгерткен, табысқа жеткен, армандар шынайылыққа айналған нақты мысалдар.

Егіндікөл ауылының тұрғыны өз арманын жүзеге асыра алды. «Бастау» жобасымен бір ай оқып, 22 жасар Махаббат Қуандықова ауылда кондитерлік цехын ашты. Кейіпкеріміз болашағына сеніммен қарап, келешекті жоспарлауды үйренді.

 «Үйде нан-тоқаш пісіру үзілмейтін үрдіс. Біз дүкеннен балкүлше, бәліш, печенье сатып алмайтынбыз. Анам үнемі бірдеңе пісіріп жүретін, ал мереке күндері бұл тіптен аспаздық шоуға айналады. Анамның осы ынтасы маған берілген болар», – деді Махаббат.

 Мамандығы боынша теміржолшы Махаббат кәсіп бастауға үміттенетін. Қолға алатын бағыт та айқын: тек қана кондитерлік саласы! «Бастау» туралы естіген ол бірден оқуға жазылған.

«Бір ай өте шықты. Оқу барысы қызықты әрі пайдалы өтті. Бизнес негіздерін үйрендім, тренингтерде түрлі ситуациялар ойнатылды, оның барлығын өз жеке мысалында сынап көресің. Бизнес-жоспарды қорғау сәтті өтті, оқу кәдеге асуда», – деді бизнес ханым.

Махаббат Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша грант алды, бұл қаражатқа духовка, ас үй комбайны, таразы, құймақ табасы және пісіруге арналған қалыптар алынды. Кондитерлік өнмідердің ассортименті сан түрлі: маффиндер, панкейктер, чизкейктер, құймақтар, балкүлшелердің дәмі тіл үйіреді.

Әзірге Маххабат үйде пісіреді, келешекте бизнесті кеңейту, тамақ принтерін алу жоспарда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер