«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында «Кәсіпкерлік негіздері» бойынша қонақ дәрістері өтті

2019 жылғы 11 Қазан
- Ақмола облысы
24813 просмотров

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсын оқыту шеңберінде қонақ дәрісі өтті. Семинардың тыңдаушылары 3-4 курс студенттері болды, ал дәрісті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков оқыды

Естеріңізге салсақ, 1 қыркүйектен бастап өңірдегі 83 мектеп, 25 колледжде, сонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Кәсіпкерлік негіздері» атты жаңа пән енгізілді. Бұл ауқымды жұмысты ұйымдастырушылар – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп, жүзеге асырды. 84 мектеп мұғалімі, 48 колледж оқытушысы және ЖОО 19 оқытушы біліктілікті жоғарылату курсына қатысты.

 «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін пилоттық режимде алдымен Көкшетау қаласындағы №3 көппрофильді мектеп-гимназияда іске қосты. Кейін «Атамекен» ҰКП-ның басқа мектептердің жоғары сынып оқушыларына жүргізген оқыту тәжірибесін ескере отырып, сонымен қатар жастар арасында кәсіпкерлік үлесін арттыру мақсатында «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін колледж және ЖОО жоғары курстарына өткізу ұсынылды.

 Аталған пәнді енгізудің негізгі мақсаты – мектеп және студенттік шақтан жастарда экономикалық ойлау және кәсіпкерлік қызмет дағдыларын қалыптастыру.

 «Мұның бәрі – белсенді өмірлік позиция, негізгі шешімдерді қабылдай білу және өзіңе жауапкершілікті алу, тәуекелдерді бағалау – дағдылары тез өзгеретін қиын өмірлік шынайылықта пайдасын тигізеді», – деді Тимур Нақыпбеков, «Кәсіпкерлікті дамыту тенденциялары» дәрісін оқып.

«Оқуды ешқашан тоқтатпаңыздар және өздеріңізді мүмкіндіктерді пайдалануда шектемеңіздер. Күн сайын 5 сағат бойы білім игеріп, 5 сағат қағидасын орындап отырған жөн. Сонымен қатар эмоциялық интеллекті дамытқан да маңызды. Әрине жоғары IQ жоғары оқу орнына түсу немесе жақсы жалақысы бар жұмысқа орналасуға көмектеседі, бірақ жетілдірілген эмоциялық инттелкт арқылы сіз басқалармен тиімді қарым-қатынас жасай аласыз. Өйткені бизнесте серіктесті білумен қатар, оны түсіну, тыңдай білу, өзіңді басқаның орнына қоя білу маңызды. Өмірлік қиындықтарға тап болған кәсіпкер саспайды, не істеу керектігін жақсы біледі. Осы білімдер мен дағдылар келешекте кәсіпкерлік мамандығына трансформациялануы мүмкін», – деп атап өтті спикер.

 Тұтастай алғанда, оқу курсында бизнесті жүргізудің негізгі негіздері, қаржылық есептілік, бизнесті құқықтық реттеу, маркетинг, тиісті аймақта сұранысқа ие бизнес-жобалар, салық салу режимдерін анықтау және басқа да мәселелер қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер