«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында 3,4 миллиард теңге көлемінде бизнестің мүліктік құқығы қорғалды

2019 жылғы 09 Қаңтар
- Ақмола облысы
17573 просмотров

 2018 жылы Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғауға қатысты 348 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 145 өтінім оң шешілді, бұл 40%-дан астам көрсеткіш. Кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқықтары 3,4 млрд теңгені құрады.  Өңірлік кәсіпкерлер палатасы құқықтық бөлімінің өткен жылы атқарған жұмысының нәтижесі осындай. 

Келіп түскен өтінімдердің бестен бір бөлігі (21%) жер қатынастарына қатысты. Бұл бірінші кезекте, бизнестің жер учаскесін алудағы мәселлері, сонымен қатар аукцион жүргізбей берілген жерді тартып алуға қатысты проблемалар. Бұған қоса бұл қосымша жерді беруден бас тарту, жерді пайдалану құқығын жалғастырудағы қиындықтар, жер учаскелерінің мақсатты пайдалануын өзгерту, жүргізілген сатылымдардың күшін жою және басқа да мәселелер.

Өткен жылда орын алған түйткілді мәселелердің бірі бизнес пен салық органдары арасындағы қарым-қатынас. Өтінімдердің 17%-ы – салық саласына қатысты. Оның ішінде  контрагенттермен мәмілелерді жарамсыз деп танумен байланысты салықтарды қосымша есептеу, кәсіпкерлердің банк шоттарын бұғаттау, трансфертті баға тағайындау саласында бидай трейдерлеріне хат жолдау, салықтық тексерулер, алкогольді өнімді өткізу үшін лицензиялық алымды талап ету,  импорт бойынша ҚҚС-ті төлеу мәселелері.

 Барлық өтінімдердің 7%-ы – мемлекеттік сатып алуларға қатысты мәселелер. Өзекті проблемалардың ішінде тапсырыс берушілердің жеткізушілер алдындағы қарыздары бар. Өтінімдердің 5%-ы – теміржол көлігіндегі мәселелер, тағы 5% – мал шаруашылығында, 3% – бизнес субъектілері арасындағы дау, 3% – экологияға қатысты мәселелер.

 Осы ретте Кәсіпкерлер палатасы жүргізген талдау бойынша ақмолалық бизнестің жүйелі мәселелері келіп түскен өтінімідерге сәйкес көрініске ие. 9 мәселенің 3-уі – жер қатынастарында, сондай-ақ, құрылыс, орындаушылық өндіріс, экология, бәсекелестікті қорғау салаларына қатысты.

Өз кезегінде жер қатынастары салаларында жергiлiктi атқарушы органдардың жер учаскелерiн қысқа мерзiмге – 1 жылға  жалға беру құқықтарын беру мәселелерi, жер учаскелерін инвестициялық жобаларға берудегі (сатылымдарды жүргізбей) түсінбеушіліктер, сонымен қатар аукциондарды өткізбей бастапқы жер пайдалану құқығын қамтамасыз етуге байланысты жерді тартып алу кешенді мәселелер болып отыр. 

 Салық салу саласында бизнесмендердің мүлкіне салық бойынша қарыздан бөлек бұғат салу парадигмаға айналды. Тағы да үшінші тұлғалардың салықтың жауапкершілігі, трансфертті бағалар бойынша салық қызметкерлерінің хаттары мен хабарламалары басым түсуде.

 «Бизнестің жүйелі мәселелерінің өңірлік тізіліміне жобалық ұйымдарға әкімшілік кедергі қосылды, бұл ұйымдар кейбір нысандарды жобалау кезінде қиындықтарға тап болады. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар бойынша жеткізушілерге клиенттердің ұзақ мерзімді берешегі, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамаға қайшы келетін тұрмыстық қалдықтар полигондарының жетіспеушілігі және бизнес субъектілерін жауапкершілікке тарту мәселелері тізілімге енген», – деді ӨКП директорының орынбасары Шыңғыс Темір.

Бизнесті қорғаудағы тиімді құралдардың бірі ретінде Ақмола облысы бойынша Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің жұмысын айтып кетуге болады. 2018 жылы Кеңестің 10 отырысы өтті, нәтижесінде мемлекеттік органдарға 15 ұсыныс жасалды, оның 11-і қолдау тапты (оң нәтижеге қол жеткізілді). Сонымен қатар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғандары үшін 11 өкілетті тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы туындаған әр мәселеге қатысты прокуратураның, мемлекеттік органдар өкілеттілерінің позициясын алып отырды. ӨКП сарапшылары осы мәселелердің бір бөлігін жуық арада шешуді жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер