«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бурабайда іскер әйелдерге арналған «Burabay Women's Synergy» инновациялық форумы өтті

2018 жылғы 28 Қыркүйек
- Ақмола облысы
6937 просмотров

Бурабайда   Ақмола облысы іскер әйелдерінің форумы өтті. «Burabay Women's Synergy» әйелдерге арналған бизнес-платформа Қазақстанның барлық өңірінен іскер әйелдер мен жетекші бизнес-тренерлерді біріктірді.

 Форум жұмысына «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының жетекшісі, ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова қатысты.

 «Burabay Women's Synergy» – белсенді әйелдердің бірлігі. Өңірдің іскер әйелдері алғаш рет осындай форматта қызметтерінің нәтижесін талқылады. Жаңа мотивациялық бизнес-платформа бір алаңда ақмолалық бизнес ханымдарын және Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының іскер әйелдерінің басын қосты.

«Ақмола облысының Іскер әйелдер кеңесі өткерген қиын жол есімде, ал бүгінде олардың өңір ауқымында жеткен жетістіктерін, іскер әйелдерімізге жасалып жатқан қолдауды көріп отырмыз. Қатарымыз күннен күнге толығып, нығайып келе жатқаны қуантады. Осы жылдар ішінде Іскер әйелдер кеңестері атқарушы органдар толық серіктес ретінде қабылдайтын біртұтас ұйымға айналды. Демек, біз қалыптастық», – деді Лаззат Рамазанова.

 Енді  әйелдерге арналған «Burabay Women's Synergy» инновациялық бизнес-алаң дәстүрлі мәнге ие болады.

«Бұл форумға «Burabay Women's Synergy» деген атау беруіміз кездейсоқ емес. Осылайша біз жаңа бренд қалыптастырып, жаңа мәртебені жариялап, оны төл жоба ретінде нығайтқымыз келеді. Енді мұндай форумдар жыл сайын өтетін болады. Қазір бұл облыстық форум ретінде өтуде, келесі жылы Іскер әйелдер кеңес қолдаса, республикалық деңгейдегі форумды осында өткізуді ұсынамыз», – деді ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков.

 Өзін-өзі дамыту мен тұлғалық өсу, маңсап пен бизнесті құру, сәтті бизнес-кейстер үлгілері сынды тақырыптар BWS пластформасында талқыланды.

«Атқарушы билік өкілі ретінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық орнатуға қуаныштымыз. Өз басым әрқайсыларыңызды тыңдап, қызықты жобалар мен ұсыныстарды қарастыруға дайынмын. Осындай форум ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтып, жұмысына сәттілік тілегім келеді», – деді Марат Иғалиев.

Форумның спикерлері – Түркістан облысы Іскер әйелдері кеңесінің төрайымы Алма Архабаева, оның Тараз қаласындағы әріптесі Айгүл Ақшалова, Kazbeef group бизнесті дамыту бойынша директор, «Expo@Women» халықаралық ұйымның Ізгі ниет елшісі Гүзел Сағынтаева, «Дәрігер плюс» медициналық орталығы» ЖШС құрылтайшысы, облыстық мәслихат депутаты Бағлан Наурызбаева бизнесті құрудағы бай тәжірибелерімен бөлісті.

 Ақмола облысы Іскер әйелдер кеңесі төрайымы Гүлмира Құсайынның айтуынша, есептік кезең аралығында көп іс атқарылған: «Бастау» жобасы аясында 420 әйел оқып шықты, «Бизнес-Кеңесші» бойынша – 750 әйел оқыды,  «Іскерлік байланыс» жобасын 63 әйел игерді, Назарбаев университеті жанынан менеджментті 38 бизнес ханым оқып шықты. Жалпы Ақмола облысында   әйелдер кәсіпкерлігі кәсіпкерліктің жалпы көлемінің 60%-ын құрайды.

 Форум аясында өңірдің белсенді қыз-келіншектері «Атамекен» ҚР ҰКП, облыс әкімдігі мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алғыс хаттарымен марапатталды.

«Burabay Women's Synergy» форум жұмысы ары қарай секциялық отырыстармен жалғасты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер