«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында Қазақстан бойынша алғашқы Сервис және туризм академиясы ашылды

2018 жылғы 24 Қыркүйек
- Ақмола облысы
6579 просмотров

Бірегей жоба – Сервис және туризм академиясын – Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы таныстырды. Жоба облыс әкімдігінің қолдауымен Plaza hotel қонақүй кешені базасында жүзеге асуда.

 70-тен астам қатысушы – рестораторлар, отельер, туристік бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдері Сервис және туризм академиясының ашылуына жиналды.

Жоба бірегей, мұндай бастама өңірде ғана емес, мемлекет көлемінде болған жоқ. Оның мақсаты – сервис, туризм саласы, мейрмахана, қонақүй бизнесінде сапа деңгейін көтеру.

 Жоба аясында кәсіби кадрларды кешенді оқыту, клиенттерге қызмет көрсету және мәдениет саласында оқыту қарастырылған.

Оқытудың заманауи бағдарламасы түрлі категорияларды қамтиды: техникалық қызметкерлер, даяшы-бармендер, әкімшілер, топ-менеджерлер. Бағдарламалар тренерлері – мейрмахана, қонақүй бөлімінің мамандары.
 

Бұл академия мобилді бола алады. Оқыту арнайы жабдықталған орын-жайда жүргізіледі, онда қонақ үй мен мейрамхана бизнесіне қажетті мүкәмміл қамтылған. Оның бәрі Plaza hotel базасында бар. Сонымен қатар оқу қызмет көрсету деңгейін көтеру бойынша жұмыс істеуге ниет білдірген кәсіпорындардың аумағында да жүргізілетін болады.

 «Академия оқытуды бизнес-объектілеріне ғана жүргізбейді. Оған мейрмахана мен қонақүйде жұмыс істегісі келетін кез келген ынталы адам, жұмыссыздар мен өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар қатыса алады.  Ақмола облысы өзінің туристік әлеуетімен танымал өңір. Сондықтан заманауи жағдайда сапа стандарттарын дамыту өте өзекті, осылайша бәсекеге қабілеттілік дамиды. Оқудан сәтті өткен кәсіпорындар сертификатталады. Бұл жобаға қызығушылық өте жоғары, қазірдің өзінде академияда оқу мақсатында бірқатар келісімдер жасалған», – деді Ақмола облысы ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков.

Танысытырылым шеңберінде Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігі мен Сервис және туризм академиясы арасында үшжақты келісім жасалды. Іс-шара хедлайнері белгілі бизнес-тренер, Тони Бьюзеннің Қазақстандағы лицензиаты Жексен Жалқыбаев болды.

 «Каравай kz»  ЖШС жетекшісі Адхам Умаров мен  Domino home@horeca  дүкендер желісінің құрылтайшысы Жалғас Дәулетов өз табыстылық тағылымдарымен бөлісті.

Бұған қоса Түркияның қонақ үйлеріндегі біліктілікті арттыру бойынша бағдарламаны Mahmut Ekici кәсіптік жалдау агенттігінің иесі  таныстырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер