«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын индустриялық аймақ: тез әрі тиімді дамудың жолы

2018 жылғы 29 Тамыз
- Ақмола облысы
6091 просмотров

Осы ай басынан Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы енгізген Шағын индустриялық аймақты ұйымдастыру бойынша жоба өз жемесін әкелуде. Өңірдің екі бірдей ірі компаниясы «Атамекен – Қамқор» шағын индустриялық аймақ аясында беріліп жатқан ресурстар мен алаңдарды пайдалануға келісм-шарттар жасады.

 Айта кетелік, шағын индустриялық аймақты құру туралы меморандумға Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Қамқор Автосервис» ЖШС қол қойған болатын. Кәсіпорын әлеуетті жалдап алушыларға өндірістік-қойма кешендер мен кеңселік орынжайларды ұсынып отыр. Әр орынжай қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған. Осы ретте әлеуетті жалдап алушылар үшін жеңілдетілген баға мен 2 ай мерзімінде демалыс кезеңі беріліп отыр. Басқа бонустар: ыңғайлы логистика – қалаға кіреберіс жерде Көкшетау-Астана тасжолында орналасқан. Оның ауқымы кең (жалпы ауданы – 3,5 гектар, ғимарат ауданы – 4 мың шаршы метрден астам).

 27 тамыз күні ӨКП мен «Қамқор Автосервис» ЖШС-мен келісімге «KokshetauBurStroy» ЖШС қол қойды. Бұрғылау және барлаумен айналысатын компания өндіріс қажеттіліктеріне арналған қойма мен ангарларды жалға беруді жоспарлап отыр.

 «ТауКон» ЖШС қазіргі таңда қажетті жабдықты тасымалдау мен орнатып беруді жүзеге асырып отыр. «Crosta» италиялық брендпен ерекше түрде печенье шығаратын кондитерлік фабрика өнімі көпшілікке танымал. Кәсіпорын директоры Марат Сәрсеновтың айтуынша, қазіргі әртараптандыру мен кеңейтудің жағдайында компания «Атамекен-Қамқор»  ұсынған кепілдемелерге қызығушылықпен қарайды.

Айта кетелік, бүгінде бос 2500 шаршы метрде екі компания бірігіп 700 шаршы метрді жалдап отыр.

Ұсынылып отырған ресурстарды басқа да компаниялар назарға алды. Атап айтқанда, орман шаруашылығы өнімін сақтау, сату мен арнайы техниканы орналастыруға үшін қойма орынжайлары қарастырылуда.

 «Осындай қолдау шағын және орта кәсіпкерлік үшін – тез әрі тиімді дамудың жолы. Шағын идустриялық аймақ артықшылықтарының бірі – бос, дайын, толық инфрақұрылымы – электр, жылу желісі, су жабдығы, телефония, интернеті бар өндірістік орынжайлардың болуы. Өз кезгінде Кәсіпкерлер палатасы шағын индустриялық аймақ қатысушыларына толық сүйемелдеу – кеңес бері және заңгерлер, маркетологтар көмегі, толық сервистік көмек беруге дайын. Бұған қоса шағын индустриялық аймақта бизнес-мектеп жұмыс істейтін болады. Онда кәсіпкерлік негіздеріне үйретеді», – деді ӨКП директоры Тимур Нақыпбеков.

 Кәсіпкерлер палатасы өнімді өткізу, жобаларды маркетингтік зерттеу, ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Степногорск қаласында Шағын индустриялық аймақты құру қарастырылуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер