«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзбекстан Ақмола облысындағы ынтымақтастыққа дайын

2018 жылғы 25 Тамыз
- Ақмола облысы
5305 просмотров

Ақмола облысына Өзбекстан бизнесінің 20 өкілінен тұратын делегация келді. Сапар мақсаты – Көкшетау кәсіпкерлерімен байланыс орнату.

Ұйымдастырылған іс-шаралардың бірі Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткізілген дөңгелек үстел болды. Делегация құрамына Өзбекстанның Сырдария облысындағы 20 компанияның өкілі кірді. Туризм, құрылыс, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы сынды салалар қамтылды.

Сырдария облысының әкімі Аваз Ходжиев өз өңірлерінің әлеуетін баяндап, өзбек тарапы Ақмола бизнесімен ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

«Сіздердің тарапқа ұсынарымыз бар. Облыста экспортқа бағытталған 80 кәсіпорын жұмыс істейді. Арнайы экономикалық аймақ та бар. Мұнымен қоса сауда үйін салумен айналысып отырмыз. Онда өз өнімімізді экспорттаймыз. Сондай сауда үйін осы облыста ашуға дайынбыз. Барлық бағыт үшін ашықпыз», - дейді өзбек тарапы.

Көкшетау бизнесмендері фармацевтика, туризм, өндіріс, ауыл шаруашылығы өнімдері сынды салаларға қызығушылық танытты. Зеренді ауданындағы «Аква» ЖШС өкілі кәсіпкер Қайрат Молдахмет ұн тарту өнімін экспорттау шартын көтерді. Ақмола облысы Сырдария облысындағы қайта өңдеу кәсіпорындарының мүмкіндігін ескере отырып, жүн мен тері жеткізуге әлеуетті екенін атап өтті.

Бұл идеяны ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Хасым Итхусов қолдады.

«Жүн мен теріге қатыстсы ортақ кәсіпорын құру мүмкіндігі туралы білгім келеді. Бізде шикізат базасы қуатты, бірақ орталықтандырылған кәсіпорын жоқ», - деді ол.

Қонақтар барлық ұсынысты қарастыратындарын атап өтті. Сырдария облысының әкімі өз өңірлерінде Қазақстан бизнесінің инвестициясымен ашылған орта кәсіпорындар жұмыс істейтінін айтты. Сырдария экономикалық аумағында салық жеңілдіктері қарастырылған.

Дөңгелек үстелден кейін екі жақтың бизнес өкілдері бейресми форматта жүздесіп, ынтымақтастық жайын талқылады.

Сонымен қатар Көкшетау орталығының Сырдария облысы өнімдерінің көрмесі өтті. Өнімдер арзан бағада қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер