«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бизнес-Кеңесшімен» мақсаттар орындалады

2018 жылғы 15 Тамыз
- Ақмола облысы
5618 просмотров

Ақкөл ауданы Барап ауылының тұрғыны Қайрат Қадыров кәсіп ашу, аяққа тұрып, кәсіпкер болуды мақсат етті.

 Алайда бизнесте бағыт табу қиынға соқты. Осыған дейін Қайрат ағаш дайындау, дөңгелек жөндеу бөлімін де ашып көрді, бірақ табысқа кенелген жоқ. 2017 жылы «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша тегін курстар жайында естіп, ол оқуға қатысуға бел буады.

 Соның нәтижесінде арнайы білім алып, Қайрат бизнес-жоспар құру, мүмкіндіктерді есептеу, нарық сұранысын анықтау бойынша ақпарат алды. Содан кейін Қайрат Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде несиелеуге өтінім берді. Осы жолы болашақ кәсіпкер жүк тасымалдары саласын таңдады. Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы қолдауы арқылы ол төмен пайызбен несие алды. Осы қаражатқа Қайрат Газель маркалы жүк көлігін сатып алады.

 «Кәсіпкерлік негіздерін оқып алғаным жақсы болған, алған білімім бизнес жүргізуде кәдеге асып жатыр, табыс пен кірісті жоспарлап үйрендім. Маркетингтік жоспар кәсіпті қалай алға жылжытатынын түсіндім, жалпы көп практикалық кеңестер алдым. Сондықтан кәсіп ашқысы келетін жандарға кәсіпкерлік негіздері курсын өтуге кеңес беремін – бұл кәсіп бастауда алғашқы қадамды батыл жасауға мүмкіндік береді.

 Қайрат ашқан бизнес түрі ауыл арасында сұранысқа ие болып шықты. Қазіргі таңда ауылды сумен жабдықтау жұмыстары жүріп жатыр. Кәсіпкер құрылыс материалдарын жеткізумен айналысуда. Бұған қоса жаз айларында тұрғындар үйлеріне жөндеу жүргізеді, Қайрат науқанда үлгірмей, жұмыссыз жүрген ауылдасын жүк тиеуші етіп қызметке алды.

 «Бизнесім – жүк тасымалдау. Бастапқыда өзім жүргізуші де, жүк тиеуші де болдым. Ал қазір қызу науқан болып жатыр, жалғыз өзім үлгермегендіктен қасыма жұмысшы алдым. Енді жұмыс тезірек орындалып жатыр. Келешекке деген жоспар көп, өйткені бұл қызмет түрі қашанда сұраныста болады», – деді кәсіпкер.

 Осылайша Қайрат Қадыров бизнесте өз орнын тапты, ал бизнесте арнайы білімсіз алысқа бармайсың, мұнда қатаң есеп керек. Ұлттық палата ұйымдастырған қысқа мерзімді оқу курсы мен менеджерлердің қолдауы арқылы мақсат жүзеге асты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер