«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда шағын индустриялық аймақ құрылды

2018 жылғы 02 Тамыз
- Ақмола облысы
7302 просмотров

Көкшетауда бірегей жоба  –   «Атамекен – Қамқор» шағын индустриялық аймағы  құрылды. Бүгін Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы және «КАМКОР АВТОСЕРВИС» ЖШС арасында сәйкес Меморандум қабылданды.

Шағын индустриялық аймақ аясында кәсіпкерлерге толық инфрақұрылым бар дайын өндірістік орынжайлар және кеңселер беріледі. Осының бәр жеңлдетілген шарттар бойынша ұсынылып отыр. Жеңілдетілген бағалар мен 2 ай мерзімге дейін (!) шегерілген кезең де қарастырылған.  

 

Егер кәсіпкер жеке кеңсе ашып, тігін цехы, наубайхана, автосервис және басқа да кәсіп түрін құрғысы келсе, онда шағын индустриялық аймақ – таптырмас мүмкіндік.

Шағын индустриялық аймақтың логистикалық артықшылығы бар – «Көкшетау – Астана» тасжолы жағынан қала шыға берісінде жайлы орналасуы. Жалпы ауданы – 3,5 гектар. Ал ғимараттың өз ауданы – 4 мың шаршы метрден асады.

Жоғарыда айтылғандай, шағын индустриялық аймақта жақсы инфрақұрылым, теміржол және кіреберіс жолдар, қажетті коммуникациялар, интернет пен телефония бар. Кеңселер, сондай-ақ, өндірістік, қойма, жылы бокстар да қарастырылған.

 Қазіргі таңда кәсіпкерлерден орынжайларды жалға алу бойынша бірқатар өтінімдер келіп түскен. Мәселен, Азамат Шәріпов шағын индустриялық аймақта жарнамалық-баспа компаниясын ашпақ.  

«Шағын индустриялық аймақтың салынғаны жайында ести салып, бірден қызығушылық таныттым. Дайын орынжай, телефон байланысы, жоғары жылдамдығы бар интернет бар. Барлық инфрақұрылым қарастырылған. Неге жеке кәсіп ашпасқа? Мұнда ұсынылып отырған шарттар көңілімнен шығып отыр», – деді «Статус РК» ЖШС коммерциялық директоры.

Бұл жобаның іске асырылуында Кәсіпкерлер палатасы жан-жақты қолдау мен сүйемелдеу беруге дайын.

 «Шағын индустриялық аймақтың қатысушылары Кәсіпкерлер палатасы тарапынан барлық қызмет түрлерін – консультациялық-құқықтық көмек, аталған бизнес-инкубатор аясында кәсіпкерлік негіздерін оқыту, өнімді өткізу, маркетингтік зерттеу жобалары, ақпаратқа қол жеткізу және сараптамалық ресурстар бойынша көмек  ала алады. Бұл жобаның ерекшелігі – инфрақұрылымы бар дайын орынжайлардың болуы. Осының бәрі кәсіпкерлерді көп машақаттан, уақыт жоғалту, шығындалудан босатады», – деді ӨКП басшысы Тимур Нақыпбеков.

Осындай тиімді жобаларды Ақмола облысының басқа да аймақтарында ашу көзделген. Толық ақпаратты Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасынан білуге болады: тел:  7 (716 2) 722-534, моб. 7 747 3204887, 7 702 4874070


Еншілес ұйымдар

Серіктестер