«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» түлегі «әдемі» бизнес ашты

2018 жылғы 19 Маусым
- Ақмола облысы
7438 просмотров

Бұланды ауданында «Бастау» түлегі несие алып, сұлулық салонын ашты.

 2017 жылы Бұланды ауданы Алтынды ауылының тұрғыны Танзилия Габзалилова «Бастау» қатысушысы атанды. Семинарлар барысында ол бизнес-тренермен бірге сұлулық салонын ашу бойынша бизнес-жобаны әзірлейді.

Оқу аяқталғанда Танзилия жобасын сәтті қорғап шығады. Ол Кәсіпкерлерді қолдау орталығы мамандарының қолдауымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» несие алуға құжаттар топтамасын тапсырады.

Несиеге өтініш мақұлданп, кәсіпкерге 2017 жылдың аяғында 3 млн теңге көлемінде несие беріледі. Осы қаражатқа кәсіпкер орынжай сатып алып, жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Қосымша өз қаражатын салып, қажетті жабдық сатып алады.

 Жуырда Макинскте «Brava» атты көпфукционалды сұлулық салоны ашылды. Бүгінде мұнда ерлер және әйелдер шаштаразы, тырнақ күтімі мамандары, бьюти-шеберлер, косметологтар мен массажистер жұмыс істеуде.

 «Көп әйел жеке кәсібін ашқысы келеді, менің де тілегім сол болды. Осы ретте жай ғана кәсіп көзі емес, нағыз әлеуметтік жобаны қолға алуды жоспарладым. Күш-жігерімді сала отырып, сұлулық салонын аштым. Сұраныс жақсы болады деген ойдамын. Адамдардың ұқыпты әрі сұлу болғанын қалаймын. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы командасына, бизнес-тренерге алғыс білдіргім келеді», – деді сұлулық салоны иесі.

 Айта кетелік, «Бастау» жобасы ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы коопеартивтерін құруға бағытталған. Жобаға ауыл тұрғындары, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатыса алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер