«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында кәсіпорындардың мәселелер тізілімі әзірленді

2018 жылғы 14 Маусым
- Ақмола облысы
5527 просмотров

Жергілікті атқарушы органдармен бірігіп Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Ақмола облысының жетекші кәсіпорындарының біріне тікелей апаратын теміржол желісін салудың экономикалық тиімділігін талдауды қолға алмақ. Бұл туралы Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков Біржан сал ауданына барған жұмыс сапары барысында айтты.

Біржан сал ауданы (бұрыңғы Еңбекшілдер ауданы – ред.) негізінен ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке бейімделген. Өңірдің ірі өнеркәсіптік жобаларының бірі «Көкше-Цемент» атты цемент өндіруші зауыты. Оның қуаты – жылына 2 млн тонна шығару. Жобаның жалпы құны – 60 млрд теңге. Зауыт былтырғы жылдың соңында іске қосылған. Өндірісте заманауи даттық жабдық қойылған, осының арқасында 20 түрлі жоғары сапалы цемент түрі өндіріледі. Кәсіпорын әлеуметтік жауапкершілікті де атқарып келеді. Зауыттың  қызметкеріне арнап Заозерное ауылындағы бос тұрған үйлерді жөнделіп берілді, мамандар дайындалды.

 Алайда зауытты толық қуатта жұмыс істеуге бірнеше түйткілдер кедергі болып отыр. Оның бірі – осал логистика, лайықты инфрақұрылымның болмауы. Көкшетау мен өңірдің басқа қалаларына дайын өнімді кәсіпорын Ерейментау арқылы жеткізуге мәжбүр. Ал мұндай бағыт жүздеген шақырымдарға созылып отыр.

Өйткені Заозерное ауылы мен Щучинск арасында тасжолдың жағдайы нашар. Жол әбден тозып, ұзақ жылдар жөндеу көрмей келеді.

«Инфрақұрылымның осалдығы өңірдің құрылыс индустриясы саласында жетекші кәсіпорынның қызметін тежеп отыр. Мәселені зерттей келе  жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Степняк және Щучинск бағытында тікелей теміржол желісін салудың тиімділігіне талдау жасауды ұйғардық.  Осы жолмен қанша тауар өндіруші қолдана алады, теміржолдың аудан дамуына экономикалық тиімділік әкеле ме? Әрине жобаны қорғап, есептеулерді жүргізуге уақыт кетеді», – деді ӨКП директоры.

Жобаның соңғы нұсқасын Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҚР ҰКП төралқасы жанындағы Логистика және тасымалдау комитеті қарауына ұсынады.

 «Жалпы алғанда сатылымдардың барлық секторларындағы кəсіпорындарға қолдау көрсету жəне шикізат пен инфрақұрылымдық базаға сілтеме жасай отырып, тиімді жеткізу тізбектерін құру  облыс аудандарына егжей-тегжейлі скрининг жасау керек. Мұндай скринингті «Атамекен» ҚР ҰКП Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында, сондай-ақ, ішінара Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысында жүргізді. Осы бағыттағы жұмысты өңірімізде де қолға алу керек. Ұсыныстар болса Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жолдауға болады», – деді Тимур Нақыпбеков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер