«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балаларға арналған журналистика мектебі «Бизнес-Өсу» және «Бизнес-Кеңесші» курсынан соң ашылды

2018 жылғы 06 Маусым
- Батыс Қазақстан облысы
8809 просмотров

Бала кезінен өзін көгілдір экраннан көруді немесе баспасөзде тілші болуды қалаған Сұлушаш Мулбаеваның арманы жүзеге асырылған жоба арқылы орындалды

Алғашқы қадам «Бизнес-Мектеп» бағдарламасының қатысушы болудан жасалды. Ол биыл «Бизнес-Өсу», «Бизнес-Кеңесші» бойынша білім алды.

«Курсқа келгенде бизнес-идеям дайын еді. Кәсіпкерлік негіздерін оқығаннан кейін, жоспарлай бастадым. Жеке кәсібімді ашуға Зульфия Халелова көмектесті. Осылайша балаларға арналған журналистика мектебі ашылды», ­- дейді Сұлушаш Мулбаева.

«оСМИног» балаларға арналған журналистика мектебі Батыс Қазақстанда алғаш рет ашылып отыр. Қазіргі таңда 30 бала қатысады. Алғашқы күннен-ақ жұмыс күйін сезініп, шығармашылыққа кірісіп кетті. Сабақ аптасына екі рет, 1,5-2 сағат өтеді.

«Біз балаларды сұхбат алуға үйретеміз, түсірілімге шығып, алынған материалды монтаждаймыз. Оқушылар көпшілік алдында сөйлеуді, ойын сауатты жеткізуді, камера алдында ұстауды үйренеді. Сонымен қатар суретке түсіру, суретті өңдеу, актерлік шеберлік секілді бағыттарды қамтимыз. Оқытушылар ­қатары тәжірибелі мамандардан құралған. Ұжым мықты, жұмысқа кірісіп кеттік», ­- дейді кәсіпкер.

Курс аясында журналистика мектебінің тәрбиеленушілері өздерін диктор әрі жүргізуші ретінде сынап көреді. Барлық жұмыстар әлеуметтік желілерге және в YouTube арнасына  шығарылады.

Қазіргі таңда «PR-менеджер және баспасөз хатшылары» курсына ерсектер тобын жинақтау жұмысы жүргізілді.

Бұл мектептің ашылғанына жарты жыл да болмаған, дегенмен кәсіпкер Сұлушаш Мулбаева тағы бір жобаны қолға алды. «Оpen stars» журналын шығармақ. Бұл журналда танымал балалар туралы ақпарат жарияланады. Бастапқы тиражы 2000 данамен жақын күндері баспадан шығады.

Қаржылай емес қолдауды сәтті пайдаланған тек Сұлушаш Мулбаева емес. Батыс Қазақстан облысында «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу» курстарында 364 кәсіпкер білім алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер