«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмолалық тауар өндірушілер өнімнің бірыңғай базасын қалыптастырады

2018 жылғы 01 Маусым
- Ақмола облысы
4713 просмотров

Жергілікті тауар өндірушілердің мәселесі бейінді жұмыс тобының кезекті отырыснда талқыланды. Жиын Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысовтың жетекшілігімен өтті.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Экономикалық талдау бөлімінің сарапшысы Азамат Ысқақовтың айтуынша, бүгінде ақмолалық тауар өндірушілердің тізіліміне машина жасау, құрылыс материалдар өндірісі, тамақ өнеркәсібі саласында қызмет ететін 300 жуық компания кіріп отыр. Өңірдегі мемлекеттік мекемелерінің азық-түлік өнеркәсібінің кейбір түрлерін (сүт, сары май, бидай ұны, піскен шұжық) сатып алуларын салыстырмалы талдау жасау нәтижесінде 2017 жылы байқау жеңімпаздары негізінен отандық жеткізушілер болған.

Осы ретте жергілікті тауар өндірушілерінің басты мәселесі – техникалық сипаттамаларға қатысты болып отыр. Оларды сапасыз, сауатсыз, толық емес толтыру мәселеге айналды.

 «Мәселен, тапсырыс беруші  –  «Біржан сал ауданы білім беру басқармасы» ММ сүтті сатып алу техникалық сипаттау лотында: «пастерленген, майлылығы 1-3%, көлемі 1 л СТ ҚР 1760-2008»  деп көрсетеді. Ал қосымша сипаттама қағазда ультрапастерленген 1 литрлік сүт майлылығы 2,5 %-дан кем болмауы керек деп жазады. Осындай нақты емес сипаттама салдарынан жеткізушілер 1 литр көлеміндегі майлылығы 2,5% және 3%-ды құрайтын сүтті жеткізеді. Нәтижесінде жеткізілген өнім бағасы арта түседі», – деді Азамат Ысқақов.

Әрине мұндай сәйкессіздіктер басқа өңірдің жеткізушілері үшін тиімді, тапсырыс үшін тиімді емес. Тауар сыннан өтпей қалған осындай мәселелер жетіп артылады.

 «Неге ұтылып жатырмыз? Айырмашылық бағада. Біздің өнім табиғи шикізаттан жасалады, сәйкесінше мұндай өнім қымбат келеді. Сондықтан біз Сүт өндірушілер қауымдастығына біріктік», – деді «Гормолзавод» ЖШС директоры Әсен Жақсылықов.  

 «Басқа жеткізушілердің абыройына нұсқан келтіргіміз келмейді, алайда біздің өнім секілді табиғи өнім арзан бола алмайды. Қазіргі таңда сатып алумен айналысып отырған мамандардың біліктілігі үлкен мәселе. Тапсырыс берушілерге арнап оқу курстарын өткізуді ұсынамын», – деді «Серт» ЖШС өкілі.

 Талқылау барысында қатысушылар жергілікті тауар өндірушілермен шағатын тауардың бірыңғай базасын қалыптастыру керек деген оймен келісті. Шешімге келді. Онда әр өнімнің функциялық, техникалық, сапалық сипаттамалары көрсетілетін болады. Өз кезегінде тапсырыс беруші өзіне керегін нақты айтып, талап ете алады. Тағы ақпараттық портал құру мәселесі де көтерілді.

 «Палатада жұмыс кездесулерді ұйымдастыру арқылы отандық тауар өндірушілер мен мердігерлер арасында тиімді байланыс алгоритмін қалыптастыру керек.Тамақ өнеркәсібі саласынан басқа Палата өңірде құрылыс нысандарын салуда жергілікті қамту үлесті арттыруға күш салып отыр.  Биылғы жылы салынып жатқан әлеуметтік және тұрғын үйлерге арналған негізгі материалдардың (К қосымшасы) жиынтық тізіміне енгізілген материалдардың әрбір түрі егжей-тегжейлі қаралуы керек. Ал тауар өндірушілер әр шыққан өнімнің сапасына мән беруі керек. Өйткені белгілі бір позициялар бойынша сапа сын көтермейді», – деді Қанат Ыдырысов.

 Мемлекеттік сатып алулар бойынша облыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Венера Қазжанованың айтуынша, жалпы жыл басынан тауар, жұмыс, қызмет түрлерін сатып алуға бюджеттен 55,5 млрд теңге бөлінген, оның ішінде 54,1 млрд теңге сомасында 38 460 сатып алу жүзеге асқан.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер