«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлікті дамытуға берілген қолдау

2018 жылғы 16 Мамыр
- Ақмола облысы
4531 просмотров

Кәсіпкерлікті қолдау орталығы кооперативке бизнесті дамыту үшін қаражат алуға көмектесті

«Содружество» ӘКК 2016 жылдың соңында құрылды, оның құрамында 22 қатысушы бар, барлығы да Бұланды ауданы Журавлевка ауылының тұрғындары. Әлеуметтік кәсіпкерлік кооперативін құрудағы басты мақсат – қатысушылардың өнімін жинау және өткізу қызметін көрсету.

Кооператив төрағасы Александр Зиманың айтуынша, ауылшаруашылығы өндірістік кооперативін дамыту үшін қаражат керек болған.

«Сүт қабылдайтын орын ашуды жоспарладық. Бұл кооператив мүшелеріне, ауылда тиімді бағамен сүт өткізетін тұрғындары үшін де, сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарға да тиімді бастама болар еді. Тұрғындар өткізетін сүттің сапасы әр түрлі, майлылығы, қышқылдығы, дәмі мен иісі де қайталана бермейді. Мұның барлығы да қабылдау орнында талданады», – дейді Александр Зима.

Бұланды аудандық Кәсіпкерлікті қолдау орталығының көмегімен кооператив Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жылына 6%-дық мөлшерлемемен 7 млн теңгеге жуық несие алды.

«Осы жобаның арқасында ауылда 2 жұмыс орны ашылды, алдағы уақытта тағы да 3 адамды жұмысқа алу жоспарланған. Ауыл тұрғындары тұрақты табыс көзі болғанына қуанышты. Барлық ауылдық округтен сүт жиналады, көршілес ауылдар да бере алады. Мұнымен қоса кооператив сүтті Көкшетау қаласындағы «Гормолзавод» ЖШС-ына өткізеді», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Бұланды аудандық филиалының директоры Оразалы Еркебаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер