«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жас кәсіпкерлер клубында ментормен кездесу өтті

2018 жылғы 16 Мамыр
- Солтүстік Қазақстан облысы
10480 просмотров

СҚО кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Жас кәсіпкерлер клубына қатысып жүрген қала мектептерінің оқушылары «Гиперкирпич СК» ЖШС директоры Александр Ещановпен кездесті

Жас кәсіпкерлер клубы ұйымдастырған осы жылдың соңғы сабағына СҚО өңірлік кеңесінің мүшесі «Гиперкирпич СК» ЖШС директоры Александр Ещанов келді. Кәсіпкер балаларға өзінің табысты тағылымы, кәсіпорын қалай аяққа тұрып, күнбе күн кездесетін қиындықтармен қалай күресу жайында айтып, бизнес бастауда сүбелі кеңестер берді.

Соңғы екі жылда бизнесмен гиперпрестелген кірпіш өндірумен айналысып келеді. Бұл құрылыс өнімін халық лего-кірпіш деп атап кеткен. Петропавл үшін бұл кәсіп түрі жаңа бағыт. Сондықтан бұл кірпіш түрі құрылыста аса танымал болмай отыр. Алайда кәсіпкер мойымақ емес.

 «Тынымсыз адам болғандықтан мен бизнестегі бағытымды өзгертіп отырдым. Бірінші кәсібім газет-журнал, жейде-майка сату болса, келесі бағыт – ауыл шаруашылығы өнімі мен еритін кофе өндірісі болды. Жаңа идеяларға қашанда зәру едім. Әр бизнесте басты нәрсе – идеяларды жандандыру және оларды жүзеге асыруға қорықпау, мақсатқа жету үшін табандылық танытып, алға жылжу керек. Яғни алдыңызда қабырға тұрса, оны сындырып емес, айналып өтуге болады. Осы тұста табандылық пен қырсықтықтың арасындағы айырмашылықты айтқым келеді. Аяққа нық тұрған соң мен өзіме жаңа бағыт – жарнама бизнесін қолға алдым. Екімыңыншы жылдар ортасында «Арт-сити» атты жарнамалық агенттігім қаламызда ең жетекші кәсіпорын болды әрі жұмыс көлемінің 70%-ын орындағаны әлі халық жадында. Қазіргі таңда қаламыз үшін жаңа бағытты қолға алып, 3D кірпішін өндіріп отырмын», – деді Александр Ещанов.

Клуб қатысушылары кәсіпкерден бизнеске қанша жасынан араласқаны жайында әрі алғашқы бизнес идеяның демеушісі кім болғанын сұрады.

Белгілі болғандай Александр Ещанов кәсіпкерлікке 18 жасынан бастап араласып, алғашқы стартапқа өзі еңбектеніп, қаржы тапқан. Ментордың айтуынша ол 12 жасынан бастап ата-анасынан ақша сұрамаған, әр жазғы демалыста зауытта жұмыс істеген. Осылайша алғашқы бизнес идеяға капитал жиналды. Кәсіпкердің идеялары көп, белсенді жастар қызығушылық танытса, олармен бөлісуге дайын.

 Жас кәсіпкерлер клубы кәсіпкерлік негіздерге жастарды баулу мақсатында былтыр құрылған болатын. Оған 116 оқушы енген. Жаттығулар шеберлік сабақ форматында айына екі рет өтеді. Сабақ аяқталған соң оқушыларға сертификаттар беріледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер